1076

Сағат ауысқан соң, қай өңірлерде жұма намазын оқу уақыты өзгереді?

Республиканың бірқатар өңірінде жұма намазын оқу уақыты өзгереді.

Сағат ауысқан соң, қай өңірлерде жұма намазын оқу уақыты өзгереді?
muftyat

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты елімізде жұма намазын оқу уақыты жаңарады.

Өңірлер бойынша жұма намазын оқу уақыты:

Сағат 13.00: Абай облысы;

Сағат 13.10: Алматы қаласы, Алматы, Жетісу облыстары;

Сағат 13.15: Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары;

Сағат 13.20: Шымкент қаласы, Жамбыл, Түркістан облыстары;

Сағат 13.30: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары;

Сағат 13.49: Атырау облысы;

Сағат 13.52: Маңғыстау облысы;

Сағат 13.55: Батыс Қазақстан облысы.

Еске салайық, мұндай шешім 21 ақпанда өткен ҚМДБ Ғұламаларының кеңесінде қабылданған. 

Биыл Рамазан айы 11 наурыз бен 10 сәуір аралығына сәйкес келеді. Қадір түні – 5/6 сәуір.

Ал Құрбан айт 17-19 маусым аралығында мерекеленеді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор