«Үстелді төңкеріп жіберген»: Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаев туралы жаңа жылдағы естелігін айтты

Аиса Махамбет Редактор
25.02.2024, 19:46
2286
«Үстелді төңкеріп жіберген»: Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаев туралы жаңа жылдағы естелігін айтты ашық дереккөзден

«Қуандық ауыр сөздер айтып, өз анасының да, әкесінің де аузын жауып тастады» дейді Салтанаттың ағасы.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Астанадағы мейрамханалардың бірінде адам қолынан қаза болған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов Динара Сәтжанның Youtube-арнасына берген сұхбатында Қуандық Бишімбаевтың ата-анасымен қарым-қатынасы туралы айтты. Бұл туралы Massaget.kz жазды.

Ол Қуандық Бишімбаев отбасына деген агрессиясы қатты болғанын жеткізді. 

"2023 жаңа жылын Салтанаттың жаңа отбасымен бірге қарсы алдым. Шынымды айтсам, бұл бір жабайы жаңа жыл болды. Сол кеште Бишімбаевтың отбасына деген агрессиясын алғаш рет көрдім.

Жаңа жылдық кеште Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан да болды, әйелімен келген екен. Олар қонаққа келгендіктен Салтанатқа сыйлық әкелген көрінеді, ал тура сол уақытта Салтанаттың қолында дайын сыйлығы болмай, Қуандық сыйлаған әтірді берген. Қуандық бұған ашуланып, "бұл менің саған сыйлығым еді, қалай дәтің барды? Менің сыйлығым болғандықтан, оның тағдырын да мен шешемін" деді. Бәрі бір дастархан басында отырып, Бишімбаев пен Салтанаттың арасындағы жанжалды көріп, Қуандықтың ата-анасы да араласа бастады. Сонда Қуандық ауыр сөздер айтып, анасының да, әкесінің де аузын жауып тастады. Мен баланың ата-анасымен мұндай қарым-қатынасына таңғалып отырдым. Кейін жаңа жылды қарсы алғаннан кейін мен кетіп қалдым.

Мен бірнеше күнде Алматыға қайтатын болғандықтан, Салтанатқа 1 қаңтарда "кездесейік, кофе ішіп қайтайық, түндегі жағдай мені уайымдатып тұр, хабарда бол" деп жаздым. Сөйтсем, Қуандық мен кеткеннен кейін ата-анасы, кішкентай балалар, бәрі тамақтанып отырған үстелді тамағы, ыдысымен қоса төңкеріп жіберген екен", - деді Қайрат Нүкенов.  

Еске салайық, былтыр 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

11 қарашада Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды