986

Астанада автобустан жолаушы құлап кеткені үшін жүргізуші жазаланды

Астанада автобус жүргізушісі Қаныш Сәтбаев көшесінің бойымен келе жатып, жолаушылардың толық мінгеніне көз жеткізбей, аялдамада әйелдің салоннан құлап кетуіне жол бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр

Астанада автобустан жолаушы құлап кеткені үшін жүргізуші жазаланды
Бейнежазбадан

Stan.kz мәліметінше, қалалық полиция басқармасы берген ақпаратқа сәйкес, оқиға 25 қаңтарда болған. 

"Оқиға биылғы 25 қаңтарда Қаныш Сәтбаев көшесінде болған. Автобус жүргізушісі жолаушылардың толық отырғанына көз жеткізбей, жүріп кетіп, салоннан түскен әйелдің аялдамада құлап кетуіне жол берді. Жолаушы зардап шеккен жоқ. Жүргізуші тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін жауапқа тартылды", – деді полиция қызметкерлері.

25 ақпанда әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарап кетті. Адам толы автобусқа әйел кірген соң оның есігі жабылған. Автобус қозғала бастағанда есік қайтадан ашылып, әйел одан құлап кеткен. Алайда автобус жүргізушісі тоқтамай кете берген.