Павлодарда 71 жастағы зейнеткер алғаш рет жеке куәлікке ие болды

26.02.2024, 13:24
761
Павлодарда 71 жастағы зейнеткер алғаш рет жеке куәлікке ие болды Павлодар облысы полиция департаменті

Галина Храповицкая осы уақытқа дейін құжатсыз өмір сүріп келген. Соңғы рет 1974 жылы кеңес төлқұжатын алған.

 

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Шарбақты ауданындағы көші-қон қызметінің инспекторлары рейд жүргізу кезінде құжатсыз тұрып жатқан 71 жастағы әжейді анықтаған. Ол жергілікті Николаевка ауылында туып-өскен. Кейін тұрмыс құрып, Алматы облысына көшіп барған, сол жақта 20 жылдай еңбек еткен. Азаматқа 1974 жылы кеңестік төлқұжат берілген екен, бірақ онысын көшіп жүргенде жоғалтып алған", - деп мәлімдеді аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметінің инспекторы Мәди Сарымов.

Белгілі болғандай, кейін Галина Храповицкая туған жеріне көшіп келген. Бірақ құжатты қалпына келтіру мәселесі бойынша ешқайда бармаған. Осы уақыт ішінде ол еш құжатсыз өмір сүрген. Соған сәйкес, ресми жұмысқа орналасу және медициналық мекемелерге жүгіну мүмкіндігі болмаған.

Көші-қон қызметінің мамандары азаматқа жеке куәлік алу үшін қажетті құжаттарды жинауға көмектесті.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады