Астана әкімі не себепті автобуспен жүрмейтінін түсіндірді
Бүгін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Сарыарқа ауданының тұрғындарымен кездесті.
Жиын барысында әкімге “Қоғамдық көлікті пайдаланасыз ба?” деген сұрақ қойылды.
Астана әкімі автобуспен жүрмейтінін, оған себеп жұмысбастылық екенін ашық айтты.
“Қоғамдық көлікпен жүрмеймін, өйткені жұмыс бастан асады. Бірақ аптасына бірнеше рет қызметтік автобуспен әріптестерім мен бөлім басшылары – 15-20 адам болып қаланы аралаймыз”, – деп жауап берді Жеңіс Қасымбек.