Димаш When I’ve got you туындысына арналған бейнебаянның тұсауын кесті

27.02.2024, 13:51
1403
Димаш When I’ve got you туындысына арналған бейнебаянның тұсауын кесті dimashnews.com

26 ақпанда Ыстамбұлда Димаш Құдайберген  When I’ve got you  атты жаңа туындысына арналған бейнебаянның тұсауын кесті.

Премьера өнерпаздың Түркияда өтетін жеке концертіне байланысты баспасөз конференциясы аясында өтті. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлап отыр.

Бейнебаянның негізгі идеясы Димаш пен бейнебаянның режиссері Ғалым Асыловқа тиесілі: «Жеке өмір салтын ұстанатын әлемге әйгілі әнші өзінің алғашқы ашық сұхбатын беруге шешім қабылдады. Ол таңдаған жас журналист “Ал, егер…” деп басталатын түрлі уайымға толы сауалдары көбейіп, қатты қобалжып, уайымға салынды.

«Димаштың мейірімді және қарапайым адам екенін бәрі біледі. Бірақ Димаш бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көріне бермей, жеке сұхбат бермейтіндіктен, оның жеке өмірі туралы аз білеміз. Ал бүгін біз әншіні сәл басқа қырынан, жаңа бейнеде көретін боламыз», – деп бөлісті режиссер.

Ғалым Асылов пен жобаның екінші режиссері әрі желілік продюсер Жәнібек Ғұсманов түсірілім барысы өте қызық болғанын және Алматыда өткенін хабарлады. Бейнебаянға 70-тен астам Қытайдан келген маман  тартылып, шығармашылық топ жұмыс істеді. Дәл сол жерде бас кейіпкердің костюмі тігіліп, қазақстандық мамандармен бірге әншінің бүкіл образы жасалды.

Кастинг оңай болған жоқ: басты кейіпкердің рөліне көптеген актриса  мен модельдер өз бақтарын сынады. Ежелгі антикалық мәдениетті іздеу оңай болмады. Сол себепті, бейнежазбада үш жер пайдаланылды. Шығармашылық команда интерьердің әрбір элементінде, костюмнің әрбір деталында және әрбір кадрда жұмбаққа толы оқиғалар жасауға тырысты.

Димаштың ресми арнасынан  WHEN I’VЕ GOT YOU  атты жаңа бейнебаянын көре аласыздар. Пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар. Пікірі 10 күн бойы жоғары бағаланып, ТОП-та тұрған оқырман арнайы сыйлыққа ие болады: Димаштың 2024 жылы 24 мамырда Ыстамбұлда өтетін жеке концертіне екі билет, оның ішіне тұру және ұшу ақысы кіреді.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды