Ақтөбе тұрғыны 2 жылдан бері тірі екенін дәлелдей алмай жүр

27.02.2024, 14:56
938
Ақтөбе тұрғыны 2 жылдан бері тірі екенін дәлелдей алмай жүр Бейнежазбадан

Ақтөбе тұрғыны екі жылдан бері өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр.

Бота Қартбаева учаскелік полицейдің қателігінен қайтыс болғандардың тізіміне еніп кеткен. Енді ол емдеу мекемелеріне қарала алмайды, соның кесірінен жұмысқа да орналаса алмаған. Бұл туралы Qazaqstan арнасы хабарлап отыр.

38 жастағы келіншектің жеке куәлігі де, басқа құжаттары да түгел. Алайда қазір қайтыс болған адамдардың тізімінде. Айтуынша, екі жыл бұрын Темір ауданында болған жол апаты кезінде қаза тапқан әйелдің орнына мұның жеке мәліметтері тіркеліп кеткен.

«Учасковыйлардың қатесі. Жеке мәліметті толтырғанда, менің жеке мәліметімді толтырып жіберген. Менің фамилияммен бірдей, қайтыс болған кезде менің жеке мәліметімді тіркеп жібереді. Жұмысқа тұра алмаймын. Медосмотр өте алмаймын. Ауруханаға барсам өлгендердің қатарында тұрсың деп қарамайды»,  – дейді Өрлеу ауылының тұрғыны Бота Қартбаева.

Ботаның алты баласы бар. 2022 жылдың басында мемлекеттен берілетін жәрдемақы да уақытша тоқтап қалыпты. Дегенмен оны кейін қалпына келтірді. Ал медицина мекемелеріне әлі күнге дейін тіркеле алмай жүр. Қарғалы қалалық ауруханасының мамандары да оған көмек қолын созбақшы болыпты. Денсаулық сақтау басқармасына, министрлікке бірнеше рет хат жазған. Алайда әзірге нәтиже жоқ.

«Электронды денсаулық сақтауды дамыту департаментінен келген жауап бойынша, Қартбаеваның туыстарына, жеке жолдасына айтқан болатын, қайтыс болғандығын алып тастау үшін әділет орындарына жүгінуі тиіс немесе мәселені сот арқылы шешуді сұрадық», – дейді Қарғалы қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Күмісай Байболатова.

Алайда Бота Қартбаева "басқаның қателігі үшін мен неліктен қорғаушы жалдап, қаржым мен уақытымды жоғалтуым керек" дейді. Облыстық Полиция департаментінің өкілдері барлық инстанцияларға нақты сауалнамалық деректер жіберілгенін хабарлады. Көпбалалы ананың жеке деректеріне өзгеріс енгізу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне хат жолданған.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды