Астанада Ханшатыр мен Керуен сауда үйлерінің маңында жиі қылмыс жасалады

27.02.2024, 17:53
802
Астанада Ханшатыр мен Керуен сауда үйлерінің маңында жиі қылмыс жасалады nur.kz

Maqsut Narikbayev University жанындағы MIND талдау орталығы жүргізген зерттеу аясында Астана және Алматы қалаларындағы қылмыстардың жартысынан көбі өте шектеулі аймақтарда орын алатыны анықталды.

Атап айтқанда Астанада қылмыстардың 50%-дан астамы қала аумағының 3% аумағында, ал Алматыда бұл көрсеткіш 5% территорияда болатыны дәлелденді.

Әдетте адамдар Астанадағы ең қауіпті орындар – Сарыарқа ауданы немесе «Лесозавод», «Кирпичный» сияқты аудандар мен «Артем», «Әлем» базарларының аймағы деп санайды.

Онымен қоса, қоғамда вокзал ауданы қауіпті деген ой қалыптасқан. Алайда, сарапшылар дайындаған зерттеулер мен статистика мүлдем басқа мәлеметтерді көрсетті. Астанада қылмыстар Л.Н. Гумилев ЕҰУ кампусының ауданынан бастап Абылай хан даңғылының бойына дейін, сондай-ақ «Хан шатыр» және «Керуен» СОО аумақтарында жиі орын алады екен. 

Ал Алматы қаласында қылмыстардың жиі орын алатын негізгі нүктелері – адамдар көп жиналатын орындар – яғни, вокзалдар, мамандырылған ХҚКО, базарлар; демалысқа арналған орындар, тығыз орналасқан тұрғын үй аудандары, тағы сол сияқты.

Бұл ретте аналитиктер қаланың тау бөктеріндегі аудандарында халықтың тығыздығы төмен және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жоғары болғандықтан қылмыстар сирек жасалады деген болжамға келеді.

Бірақ Медеу кешені аймағында қылмыстың біршама өсуі байқалады.

Айта кету керек, Астанада зорлық-зомбылық қылмыстары негізінен қоғамдық орындарда, ЖОО мен медициналық мекемелерді қоса есептеген кезде орын алады (37,7%). Кейінгі кезекте көп пәтерлі үйлер (16,9%) және жеке тұрғын үй секторларында (8,5%).

Алматы қаласында зорлық-зомбылық қылмыстарының жартысы көшелерде (50,1%), жеке тұрғын үй кешендерінде (13,5%), көпқабатты үйлерде (5,7%) жасалады.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол