Алматылық оқушылар роботехникадан Хьюстон мен Лондонға жолдама жеңіп алды

28.02.2024, 16:52
728
Алматылық оқушылар роботехникадан Хьюстон мен Лондонға жолдама жеңіп алды gov.kz

23-25 ақпан күндері Алматы қаласының оқушылары робототехника бойынша ең ірі жарыстардың бірі «Central Asia FIRST Tech Championship» чемпионатына қатысты.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Астана қаласындағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өткен додаға Қазақстанның әр өңірінен үш мыңнан астам оқушы, әлемнің түрлі елдерінен 200-ден астам команда қатысты. Алматы қаласының намысын қорғаған оқушылар бірнеше жүлделі орындарға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша №124 мектептің «Team 124» командасы «Winning Alliance 2nd pick» және «THINK AWARD 2st place» номинациясын және Лондонда өтетін халықаралық «UK first championship 2024» жарысына қатысуға жолдама, ал №206 мектеп-гимназиясының оқушысы Оңғарбек Томирис  АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін «2024 FIRST Championship, Houston» жарысына қатысуға сертификат жеңіп алды;

Сондай-ақ «Qazaq Style» командасы (№62, №119, №124, №200, №81, №202 мектеп оқушылары) «THINK AWARD 1st place» және «Best Pit Award» номинацияларының;

№81 мектеп-гимназиясының «Redstone» құрама командасы «CONNECT AWARD 3rd place» номинациясының;

Білім-инновация лицейі мен М.Базарбаев атындағы №138 гимназия оқушыларыннан құралған «Sana team» командасы «MOTIVATE AWARD WINNER» және «Best Mascot finalist», «Best Uniform Award finalist» номинацияларының;

№178 лицейінің оқушыларыннан құралған «ZOK Junoirs» командасы «INNOVATE AWARD 3rd place» номинациясының;

First Lego League бағыты бойынша М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясының «ULY DALA» құрама командасы беделді «BREAKTHROUGH AWARD» номинациясының жеңімпаздары атанды.

Тағы бір жағымды жаңалық. Алматы мектептерінің түлектері еліміздің беделді жоғары оқу орындарының грант иегерлері атанды:

- Сәтбаев университеті – БИЛ лицейінің оқушысы Спандияр Тұяқбай және №39 мамандандырылған лицейінің оқушысы Маликов Мейіржан,

- АУЭС – М.Базарбаев атындағы №138 гимназия оқушысы Амангелді Шолпан, №81 мектеп-гимназия оқушысы Әлрахат Үмітхан, №140 М.Мақатаев атындағы гимназия оқушысы Нұрила Бердалы мен Мөлдір Бекенқызы, №178 мамандандырылған лицейінің оқушысы Олжас Санатұлы.

Сонымен қатар Еуропалық оқу орындарына түсуге 100% жеңілдікпен қолдау көрсету гранты №200 мектеп-гимназиясының оқушысы Мира Демеуғалиева мен №178 мамандандырылған лицейінің оқушысы Алуа Төлендіге берілді.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді