Астанада аула сыпырушыға күш көрсеткен ер адам қамауға алынды

29.02.2024, 11:15
715
Астанада аула сыпырушыға күш көрсеткен ер адам қамауға алынды Бейнежазбадан

Елорда тұрғынын полицейлер бірден қолға түсірген.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Алайда, жәбір көрген ер адамның да жұмыс уақытында ішімдікке сылқия тойып алғаны анықталды. Оқиғаға қатысы бар екі ер адам да жауапқа тартылды.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Бүгін әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды. Жұмыс орнында мас күйінде болған аула сыпырушы да жауапқа тартылды. Аула сыпырушысы ер адамның әйелін балағаттаған. Артынша жанжал туындаған, – дейді Астана ПД баспасөз қызметінің аға инспекторы Эльмира Шауленова.

Айта кетейік, оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Жазба авторы бұл Астанадағы Әзірбаев көшесінде болғанын айтады. Ондағы кадрлардан жол жиегіне тоқтаған көлік жүргізушісі болуы мүмкін ер адамның жұмысшыға ескерту жасап жатқанын байқауға болады. Одан жұмысшы жылдам қашып құтылғысы келгенмен, ер адам бәрібір қуып жетіп, жұлқылап, тізерлетіп отырғызады.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды