Сағат белдеуі ауысқан соң мектепте сабақтың басталатын уақыты өзгере ме? – Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

29.02.2024, 19:01
1328
Сағат белдеуі ауысқан соң мектепте сабақтың басталатын уақыты өзгере ме? – Оқу-ағарту министрлігі жауап берді top-news.kz

Ведомствоның атап өтуінше, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс уақытын белгілеу жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне кіреді.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Оқу-ағарту министрлігі еліміздің бірыңғай сағат белдеуіне көшуіне байланысты мектептегі сабақтың басталу уақытының өзгеру мүмкіндігіне қатысты сауалға нақты жауабын берді. Бұл туралы Kazinform халықаралық ақпараттық агенттігі жазды.

Ведомствоның атап өтуінше, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс уақытын белгілеу жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне кіреді.

"Өңірлердің білім басқармалары ұсынған ақпаратқа сәйкес, сабақ бекітілген қолданыстағы кестеге сәйкес басталады. Сабақ еш өзгеріссіз штаттық режимде жалғасады", – деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі агенттік тілшісінің ресми сауалына берген жауабында. 

Сонымен қатар оқу процесін оңтайлы ұйымдастыру үшін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкенттің білім басқармаларына білім мекемелерінің басшыларына, педагогтер, оқушылар және олардың ата-анасына түсіндіру жұмысын жүргізіп, ел аумағындағы уақыт белдеуінің өзгеретінін құлағдар қылуға кеңес берілді. 

Айта кетейік, Үкіметтің қаулысына сәйкес, 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағаттық белдеу (UTC+5) белгіленеді. 

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат кейінге шегереді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды