Қазақстанда баспана алуға бағытталған жаңа «Отау» ипотекасына өтінім беру басталды

01.03.2024, 13:10
957
Қазақстанда баспана алуға бағытталған жаңа «Отау» ипотекасына өтінім беру басталды ашық дереккөзден

Бағдарлама кімдерге арналған?

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, 1 наурыздан бастап Қазақстанда жаңа "Отау" ипотекалық бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданады. 

Қазақстанда «Отау» деп аталатын жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Оның аясында 9 пайыз жылдық мөлшерлемемен тұрғын үй несиесін алуға болады. Өтінім беру 1 наурызда басталды және 30 сәуірге дейін жалғасады.

Бағдарламаға қатысу үшін «Баспана Маркет» порталында (otbasybank.kz) өтінім бере аласыз. Өтінім беру уақыты маңызды емес. 

«Отау» бағдарламасының өзіндік ерекше шарттары бар. Мысалы, келесі санаттағы азаматтар оның қатысушылары бола алады:

– «Отбасы банкінің» салымшылары, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрғандар; 

– «Отбасы банкінде» кемінде 18 ай депозиті барлар; 

– өтінім берген кезде жинақ шотында кемінде 1 миллион теңге жинақ сомасының болуы; 

– қатысушының жасы – 18 жастан 63 жасқа дейін; 

– бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде баспанасы болмауы керек; 

– Алматы мен Астанада баспана сатып алу кезінде міндетті түрде осы қалаларда тіркелген болуы керек. 

Ипотеканың қалған шарттары әдеттегідей:

– бастапқы жарна – 20 пайыз; несиенің ең ұзақ мерзімі – 19 жыл; 

– ең жоғары сома аймаққа байланысты 18 миллионнан 30 миллион теңгеге дейін. 

Бұл ретте Алматы, Астана және Шымкент қалаларында бастапқы тұрғын үйді, оның ішінде тұрғын үй кешенін кепілдендірумен үлестік қатысу шарты бойынша ғана сатып алуға болады, ал басқа өңірлерде шектеу жоқ.

Өтінімдер қабылданғаннан кейін қатысушылардың тізімі банктің сайтында автоматты түрде жасалады. Оған ең көп ұпай жинағандар кіреді. Баллдар салым мерзіміне және ол бойынша сыйақы сомасына, тіркелген неке және балаларының болуына беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мамандар «Отау» бағдарламасы бойынша баспана алуға шамамен қажет болатын соманы есептеген еді.

Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ Айжұлдыз бен Сәкеннің Мальдивтегі романтикасы күтпеген жағдаймен аяқталды (ВИДЕО) Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер 21 млрд теңге жымқырған: «Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкереленді Haribo конфеттерінен каннабис табылды Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен Басты айыпталушы Абзал Шынасыл тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді Сотталушы Шерзаттың өліміне әкесі Қаржаубайды кінәлады Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ауа ластануына байланысты ескерту жасады «Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты