Некесіз туған баласы жайлы шудан кейін Бейбіт Қорғанды әйелі тастап кеткені рас па?

Аиса Махамбет Редактор
02.03.2024, 14:55
12796
Некесіз туған баласы жайлы шудан кейін Бейбіт Қорғанды әйелі тастап кеткені рас па? коллаж smartnews.kz

Дер кезінде қорғана алмаған Бейбіт өзі жайлы ақиқатты ашқан журналистер мен некесіз туған ұлының анасын сотқа бермекші болған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, кезінде әндері де өзі де хит болған Бейбіт Қорғанның некесіз туған ұлы жайлы ақпарат жер дүниені шарлап, әншінің абыройына, оған деген қоғамның көзқарасын өзгертуге қатты әсер еткені рас. "Астарлы ақиқат" бағдарламасы атыраулық келіншектің 5 жасар ұлына көмек көрсету мақсатында әншінің ізін аңдып, заңгер жалдап Бейбіт Қорғанды ДНҚ тапсыруға мәжбүрледі. Бұл туралы KYN.KZ жазды.

Бағдарлама мәселені зерттеген тұста әншілер тарапы бұл мәселеде әйелді кінәлады.

Әйел кісі енді өз әрекетіне ойланып бармайды ма? Оны енді Бейбіттің ар-намысына тиместен, отбасына нұқсан келтірмей шешуге болады ғой. Бағдарлама мақсаты 5 жасар балаға көмектесу болса сбор ашып, еміне ақша жинайық. Бұлай бұны шулатып, Бейбіттің қазіргі отбасының шырқын бұзбай, - деді әнші Серікбол Сайлаубек.

Әнші Жеңіс Ысқақова болса баланы асырай алмайтын болса әйел адам оны дүниеге әкелмеуі керек еді дегенді айтты.

Бұл жерде Бейбіт оны зорлап кеткен жоқ қой. Әйел қонақ үйге әншімен барды. Көтерді. Қаламаса алдырып тастауға болатын еді. Неге енді оны жарияға жар салып, өткенге қайырылып, елдің алдына шығып отыр. Әйел қалады, сосын туды. Бұл жерде жауапкершілікті әйел өз мойнына алып, шешім қабылдағанына қарай болып отыр, - дейді әнші Жеңіс Ысқақова.

Бірақ заңгерлер онымен келіспеді. Бейбіт Қорғанның некесіз туған баласының анасы заңгер Тілеужан Кішкенебаевқа жүгінген. Ол жаңа деректермен бөлісті.

Дұрыс түсініңіздер, қорғауымдағы азамат пен әнші кезінде байланыста болған. Бейбіт ұлына бұған дейін көмектесіп тұрған. Хабарсыз кеткен тұста әйел баланың еміне күші жетпейтінін түсініп, амалсыз осындай қадамға барды. Баланың екі бүйрегі бірдей ота жасауды талап етіп отыр. Оңай зат емес. Бейбіт өзі көрсетіп отырғандай оларды мүлде білмейді емес, біледі. бірақ, кезінде "алдыр, өмірге әкелме" деген сөздер айтпаған. Енді заң жүзінде ол жауап береді, жауапкершілік алады, - дейді адвокат Тілеужан Кішкенебаев.

Барша Қазақстанға жайылған ақпараттан кейін Бейбіт Қорғанның отбасы бұзылғаны белгілі болды. Бейресми деректер бойынша заңды әйелі балаларын алып, әншіні тастап кеткен. Бейбіт Қорған болса "ар-намысым, беделім тапталды, отбасымның ойраны шықты"деп атақты бағдарлама мен заңсыз ұлының анасын сотқа беруге оқталыпты. Қазірге осы мәселе бойынша ешқандай сотқа арыз түспеген.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды