Оралға қарай ұшып шыққан ұшақ жолаушыға бола кері қайтуға мәжбүр болды

03.03.2024, 09:10
933
Оралға қарай ұшып шыққан ұшақ жолаушыға бола кері қайтуға мәжбүр болды airastana

Жолаушының жағдайы нашарлаған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Алматыдан Оралға бет алған ұшақ жолаушы денсаулығының нашарлауына байланысты шұғыл түрде кері бұрылды. Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі жазды. 

Бүгін Алматыдан Оралға қарай ұшып бара жатқан Air Astana әуекомпаниясының ұшағы жолаушылардың бірінің жағдайының нашарлауына байланысты оңтүстік астананың әуежайына оралған.

"Әуе кемесінің командирі дәрігерлерді Алматы әуежайына шақырды", - делінген хабарламада.

Әуекомпания өкілдерінің мәлімдеуінше, ұшақ сағат 15:10-да штаттық режимде қонған. Науқас жолаушы жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне табысталған.

Айта кетейік, 26 ақпанда кешкісін Алматы – Шымкент бағытында ұшуы керек болған FlyArystan компаниясының ұшағы ауа райының қолайсыздығынан кері қайтарылды. Рейс 12 сағатқа кейінге қалдырылды.

Flightradar24 сайтының мәліметінше, ұшақ кеше сағат 22:05-те Алматыдан ұшып шыққан. Алайда сағат 23:40-та ұшақ ұшу пунктіне келіп қонған.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды