1938

«Қазақ королі» атанған боксшы 17-ші жеңісінен кейін жанкүйерлеріне алғыс айтты

Бұл жолы колумбиялық Виктор Хулиомен (17-11, 9 КО) кездесті.

«Қазақ королі» атанған боксшы 17-ші жеңісінен кейін жанкүйерлеріне алғыс айтты
sports.kz

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, наурыздың 1-нен 2-не қараған түні Телфордта (Англия) өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (17-0, 12 КО) жеңіске жеткен болатын. Боксшы жеңісінен кейін жанкүйерлеріне алғыс айтты.

«Ассалаумағалейкум Қазақ елім! Бүгін 17-ші жеңісіме қол жеткіздім, бәрі енді басталды. Мені қолдаған жанкуйерлеріме алғысым шексіз», - деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

«Қазақ королі» атанған боксшы бұл жолы колумбиялық Виктор Хулиомен (17-11, 9 КО) кездесті. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. 

Осылайша Сұлтан Заурбек кәсіпқой бокстағы он жетінші жеңісіне жетті.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор