Абай туралы жаңа зерттеулер: ЕҰУ-да 12 кітап таныстырылды

03.03.2024, 10:10
729
Абай туралы жаңа зерттеулер: ЕҰУ-да 12 кітап таныстырылды gov.kz

Ғалымдар ойшылдың «толық адам» тұжырымдамасына да терең зерттеулер жүргізді.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Абай Құнанбаевқа арналған жаңа ғылыми еңбектерді таныстырды. Бірегей жаңа зерттеулер ЕҰУ жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтында 9 серия бойынша жарық көрді. 

ЕҰУ жанындағы «Абай академиясы» ҒЗИ-нің зерттеу жұмыстарын белгілі ғалымдар мен абайтанушылар дайындады. Авторлар қоғамның, ғылымның, әдебиеттің, тілдің өзекті мәселелерін Абайдың дүниетанымы мен мұрасы арқылы қарастырды.

«ЕҰУ жанындағы «Абай академиясы» абайтанудың көп қырлы аспектісінде жан-жақты ғылыми, сараптамалық және әлеуметтанулық зерттеулер жүргізеді. Ұлы ойшылдың бай мұрасын шетелде кеңінен насихаттау белсенді жүргізілуде. Соңғы 4 жылда ақынның рухани мұрасы мен өмірінің әр саласы бойынша 80-нен астам кітап жарық көрді. Қазақ ойшылының өмірі мен шығармашылығына қатысты ғылыми еңбектер Мемлекет басшысының тұжырымдамалық идеяларымен үйлеседі. Абайдың ойлары мен тұжырымдарының терең философиясында жалпы адамзаттық құндылықтар сабақтасқан. Олар қазіргі қоғамның дамуымен өзара байланысты қарастырылуда», - деп атап өтті ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.

Тоғыз сериямен 12 жаңа кітап жарық көрді: Е.Сыдықов «Абай әулетінің тарихы», Т.Жұртбай «...Бір кемел», Е.Құрманғалиева «Батыс елдеріндегі және Түркиядағы абайтану», Е.Тілешов «Ынталы жүрек сезген сөз...», Б.Тұрсынбайұлы «Абайдан қалған арман», А.Салқынбай «Абайдың даналық әлемі», Ұ.Үмітқалиев «Абай және оның заманы тарихи-этнографиялық мұра», Ж.Әубәкір «Абай және ұлттық болмыс», Ж.Дәдебаев «Абай ілімі», Д.Ысқақұлы «Абай – дала данышпаны», Қ.Кемеңгер «Абай мұрасы: 1891-1896», Т.Қыдыр «Абай мұрасы және ортағасырлық түркі жазба жәдігерлері: әдеби компаративистикалық талдау».

«Абайды тану үшін әлем әдебиетін білу керек. Мұны Шекспир, Гете, Пушкинді зерттеген қазақ ғалымдары жақсы біледі. Біз кітабымызда Абайды тілдік-философиялық бағыт арқылы зерделеуге тырыстық, оның әрбір сөзін мұқият талдап, ақынның әрбір туындысындағы сөздердің мән-мағынасын сараптадық», - деп атап өтті «Абайдың даналық әлемі» кітабының авторы Анар Салқынбай.

«Абай Құнанбайұлының мұрасы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар аспектісінде» бағытында 50-ге жуық танымдық мақала, 22 әлеуметтік-танымдық кейс, заманауи мультимедиалық технологиялар көмегімен «Толық адам» ғылыми-танымдық кешені дайындалды.

Айта кету керек, «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан ақынның өмірі мен шығармашылығын жүйелі түрде тереңдетіп зерттеу мақсатында ашылған болатын.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді