ITTF Fa20 Astana para open-2024: астаналық спортшылар халықаралық турнирдің жүлдегерлері атанды

Аиса Махамбет Редактор
03.03.2024, 10:45
942
ITTF Fa20 Astana para open-2024: астаналық спортшылар халықаралық турнирдің жүлдегерлері атанды gov.kz

Турнирде астаналық теннисшілер жақсы нәтиже көрсетті.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Астанада пара үстел теннисінен ITTF Fa20 Astana para open-2024 халықаралық турнирі өтіп жатыр. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты жазды.

Жарыстың алғашқы күнінде жекелей разряд нәтижесінде үш бірдей жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтар болсақ ITTF Fa20 Astana para open-2024 халықаралық турнирінде ұлттық құраманың мықты ойыншысы елордалық Алтынай Ержанқызы 9-10 санат бойынша қола жүлдеге қол созды.

«Астанада осындай деңгейдегі турнирдің өткеніне қуаныштымын. 9-санаттағы қарсыластарым өте мықты болды. Әсіресе, Аустралиядан келген Токио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Мелисса Тапперді ерекше атар едім. Ал күміс жүлде үшін Ольга Комлевамен болған ойында сәл ғана сәттілік жетіспей қалды», - дейді халықаралық турнирдің қола жүлдегері Алтынай.

Сондай-ақ, 4-ші және 8-ші санат бойынша сынға түскен жерлестеріміз Александра Степанова мен Балзия Таш үздік үштіктер қатарын толықтырды.

Енді отандастарымыз бүгін және ертең айтулы доданың жұптық, жұптық-аралас түрлерінен бақ сынайды.

Айта кетейік, халықаралық турнир тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында, сондай-ақ интеллектуалды мүмкіндіктері шектеуі спортшылар арасында Астана төрінде алғаш рет өтіп жатыр.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды