Ирандық әнші Грэмми сыйлығын алған әні үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды

03.03.2024, 12:05
1132
Ирандық әнші Грэмми сыйлығын алған әні үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды ашық дереккөзден

Енді ол түрмеде «АҚШ-тың адамзатқа жасаған зұлымдығы» туралы ән жазуы міндет.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Ирандық эстрада жұлдызы Шервин Хаджипур Грэмми сыйлығын алған әні үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды. 

Alarabiya сайтының дерегінше, Хаджипур жазған Baraye әні 2022 жылдың қыркүйегінде 22 жастағы Махсы Аминидің өлімінен туындаған ирандық наразылық қозғалысының әнұранына айналды. Хиджабты дұрыс кимегені үшін полициялар қызды ұрып-соғып, соңында өлтірген еді. Әнші әнді бүкілхалықтық демонстрациялар кезінде шығарды және өткен ақпанда сол үшін Грэммиді жеңіп алды.

Содан кейін 71 жастағы Джилл Байден «Әлеуметтік өзгерістерге арналған ең жақсы ән» номинациясында жеңіске жеткен Хаджипурды құрметтеу үшін сахнаға шықты. Америка Құрама Штаттарының 46-президентінің әйелі композицияны «бостандық пен әйелдер құқығына арналған күшті және поэтикалық үндеу» деп атады.

Әнші Instagram парақшасында «ұлттық қауіпсіздікті бұзу мақсатында адамдарды жаппай тәртіпсіздікке итермелеп, арандатқаны үшін» үш жылға сотталғанын хабарлады. Оны «режимге қарсы үгіт-насихат жүргізді» деген айыппен соттаған.

Ол өз уақытын темір тордың ар жағында «АҚШ-тың адамзатқа жасаған зұлымдығы» туралы ән жазуы керек. Сот шешіміне сәйкес, Хаджипур Ислам революциясының "жетістіктерін насихаттайтын" іс-шараларға қатысуы керек.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды