«Әкесі емес»: әнші Бейбіт Қорған «Астарлы ақиқат» бағдарламасын сотқа бермек

Аиса Махамбет Редактор
03.03.2024, 12:45
2197
«Әкесі емес»: әнші Бейбіт Қорған «Астарлы ақиқат» бағдарламасын сотқа бермек ашық дереккөзден

ДНҚ сараптамасының нәтижесі шықты.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, жақында Атырау қаласынан Нұргүл Зиханова есімді әйел «Астарлы ақиқат» бағдарламасында бес жасар баласының әкесі Бейбіт Қорған екенін айтқан болатын. Ол әншіден баланы емдетуге көмектесуін талап етіп, сотқа арыз түсірген.

Осыдан кейін Бейбіт Қорған Атырауға барып, арнайы зертханада ДНҚ сараптамасын тапсырған. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында сол сараптама нәтижесі шыққанын мәлім етті.

«Достар, азаматша Нұргүл Зиханова үстімнен Атырау облысының сотына арыз жазып, КТК телеарнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасында мені баланың әкесі деп заңсыз айыптаған болатын. Осыған байланысты қазір ДНҚ сараптамасының қорытындысы шықты», – деп жазды Бейбіт Қорған Instagram желісінде.

Әншінің адвокаты ДНҚ қорытындысы бойынша Бейбіт Қорған баланың әкесі емес екені анықталғанын жеткізді.

«Бейбіт Болатұлы Қорғанға қатысты халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап бергім келіп отыр. Мен Атырау облыстық қорғаушылар алқасының мүшесі, адвокат Орынгүл Ұзаққалиевамын. Аталған азаматтық іс бойынша келісімшарт негізінде жұмыс істеймін. Бейбіт Қорғанның адвокаты ретінде сот процесіне қатысқан едім. Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне Нұргүл Зиқановадан арыз түскен. Оның тарапынан баланың әкелігін анықтау және алимент өндіру туралы талап-арыз келіп түсті, азаматтық іс қозғалып, соттың тарапынан баланың әкелігін анықтау туралы сараптама тағайындалды.  Сот ұйғарымы бойынша 24 қаңтарда Бейбіт Қорған сот биологиялық үлгілерін тапсырды. 27 ақпанда соттың барлық қатысушысының көзінше сот сараптамасы ашылды», – дейді адвокат.

Ол ДНҚ қорытындысы бойынша Бейбіт Қорған баланың әкесі емес екені анықталғанын, сондықтан Нұргүл Зиқанова өз арызын қайтарып алғанын айтты. 

Сонымен қатар сот сараптамасы шықпай «Астарлы ақиқат» бағдарламасының қатысушылары Бейбіт Қорғанға тегіне, ар-намысына нұқсан келтіретін сөздер айтуына байланысты сотқа жүгінетінін мәлімдеді.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды