Шымбұлақтың баурайында сирек кездесетін қар барысы видеоға түсіп қалды

03.03.2024, 16:09
1046
Шымбұлақтың баурайында сирек кездесетін қар барысы видеоға түсіп қалды ашық дереккөзден

Барысты Шымбұлақ курортындағы демалушы көріп қалған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, барысты видеоға "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты аймағында демалып жүрген куәгер түсіріп алған: жануар қараңғыда тауға қарай өрмелеп бара жатқан. Видео әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымбұлақта демалып жатқан тұрғындар қараңғыда тауға өрмелеп бара жатқан барысты көріп қалған. Олар түсіріп алған видео Instagram желісіндегі krispnews.kz парақшасында жарияланды.

Қар барысы – мысық тұқымдастарының сирек кездесетін және аз зерттелген өкілдерінің бірі және Орталық Азия елдерінің танымал нышанына айналған.

Адамның көзіне көп түсе бермейтін барыс негізінен таулы жерлерде тұрады. Ол жойылып кету қаупі төнген жыртқыш ретінде халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қызыл тізіміне, сондай-ақ жалпы ауданы 500 мың шаршы шақырым болатын Қазақстан, Бутан, Ресей, Қырғызстан, Непал, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Қытай, Үндістан, Пәкістан және Ауғанстан сияқты 12 елдің Ұлттық Қызыл кітаптарына енгізілген. 

Айта кетейік, бұған дейін Жетісу Алатауының тауларында қар барысы пен арқар камераға түсіп қалғанын жазған едік. Аңшылар мен аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы Instagram-дағы ресми парақшасында сирек кездесетін жануарлардың фотосы мен видеосын көрсетті.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды