АҚШ алғаш рет Газаға гуманитарлық көмек жіберді

03.03.2024, 18:12
883
АҚШ алғаш рет Газаға гуманитарлық көмек жіберді ашық дереккөзден

Көмекке әкелген контейнерлерді әуеден парашютпен түсірген.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, АҚШ әскери ұшақтардың көмегімен Газа секторының тұрғындарына әуемен гуманитарлық көмек жеткізу операциясын өткізді. Сыншылардың айтуынша, азық-түлікті парашютпен түсіру амалы жүк көліктерімен жеткізуден гөрі әлдеқайда тиімсіз. АҚШ-қа дейін Газаға басқа елдер әуеден көмек көрсетті. Бұл туралы Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі жазды.

Үш америкалық C-130 ұшағы БҰҰ мәліметі бойынша, кем дегенде 576 мың адам ашығып жатқан аймаққа 38 мыңнан астам бір кісілік тамақ жеткізді, деп жазды Reuters.

ВВС дерегінше, контейнерлер парашютпен түсірілген. Жұма, 1 наурызда АҚШ президенті Джо Байден Газаға әуе арқылы гуманитарлық көмек жеткізу жоспарын жариялады.

Бейсенбі күні Газа қаласында гуманитарлық жүк көліктерінің маңына жиналған жұртшылықтың ішінде 110-нан астам палестиналық қаза тапты.

Газаның ХАМАС бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігі болған оқиға үшін Израильді айыптады, ал Байден ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыста уақытша атысты тоқтатуға қол жеткізу перспективаларына алаңдаушылық білдірді. Израиль өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

«Олардың кейбіреулері (палестиналықтар) басқа газалықтарды аяусыз итеріп, тіпті таптап, гуманитарлық жүктерді ұрлай бастады. Осы келеңсіз оқиғаның салдарынан ондаған газалық қаза тауып, жарақат алды», - деді Израиль қорғаныс күштерінің өкілі Даниэль Хагари.

Оның айтуынша, «жағдай израильдік әскерилердің бақылауынан шығып кетті».

Бұл – АҚШ-тың Иордания Әуе күштерімен бірге жүргізген парашютпен гуманитарлық көмек түсіру операциясы Байден жариялаған алғашқы шара болды.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол