Атыраулық әйел Бейбіт Қорғаннан баласы барын айтты: әншінің адвокаты ДНҚ қорытындысы шыққанын жария етті

04.03.2024, 14:58
5298
Атыраулық әйел Бейбіт Қорғаннан баласы барын айтты: әншінің адвокаты ДНҚ қорытындысы шыққанын жария етті beibitkorgan

Былтыр қарашада атыраулық келіншек Бейбіт Қорғаннан төрт жасар ұлы барын айтқан болатын.

Бұл туралы smartnews.kz сайты мәлімдеді.

2024 жылғы қаңтарда әнші ДНҚ сараптамасын тапсырғанын, соның қорытындысы шыққанын Бейбіт Қорғанның адвокаты айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Видеоүндеу әншінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Азаматша Нұргүл Зиханова Атырау облысының сотына арыз жазып, КТК телеарнасының Дина Төлепберген жүргізетін "Астарлы ақиқат" бағдарламасында мені баланың әкесі деп заңсыз айыптаған болатын", - деп жазды Бейбіт Қорған.

Әншінің жазуынша, ДНҚ қорытындысы шыққан, Орынгул Ұзаққалиева заң жүзінде толық видео үндеуде айтқан.

"Мен Атырау облыстық қорғаушылар алқасының мүшесі, адвокат Орынгүл Ұзаққалиевамын. Аталған азаматтық іс бойынша келісімшарт негізінде жұмыс істеймін. Бейбіт Қорғанның адвокаты ретінде сот процесіне қатысқан едім. Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне Нұргүл Зиқановадан арыз түскен. Оның тарапынан баланың әкесі екенін анықтау және алимент өндіру туралы талап-арыз келіп түскен. Азаматтық іс қозғалып, соттың тарапынан баланың әкесі екенін анықтау туралы сараптама тағайындалды. Сот ұйғарымы бойынша 24 қаңтарда Бейбіт Қорған сот биологиялық үлгілерін тапсырды", – дейді адвокат видеоүндеуде.

Оның айтуынша, 27 ақпанда соттың барлық қатысушысының көзінше сот сараптамасы ашылған. ДНҚ қорытындысы бойынша Бейбіт Қорғанның баланың әкесі емес екені анықталған. Сондықтан Нұргүл Зиқанова өз арызын қайтарып алған.

"Ол арызын қараусыз қалдыруды сұрады. Сот аталған өтінішті қанағаттандырып, сот шығындарын өндіру жөнінде шешім шығарды. Жеке сараптамаларға бармай, сот сараптамаларына баруымыздың себебі – заңды және күмәнсіз қорытынды алуды мақсат еттік. Сот сараптамасы шықпай, "Астарлы ақиқат" бағдарламасының қатысушылары Бейбіт Қорғанға тегіне, ар-намысына нұқсан келтіретін сөздер айтуына байланысты сотқа жүгінеміз. Менің қорғауымдағы азаматтың қызметтік беделіне, атына кір келтіргені анықталса және жеке өмірінің құпиялығы анықталса, заңды түрде мәселені шешеміз. Бейбіт Қорғанның тілшілер сауалына жауап бермеуі сот шешімінің түпкілікті нәтижесін күту болатын", – дейді Орынгүл Ұзаққалиева.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды