Автобус жүргізушілеріне қойылатын талап жеңілдеуі мүмкін

04.03.2024, 18:12
670
Автобус жүргізушілеріне қойылатын талап жеңілдеуі мүмкін canva.com

Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ол Қонаев қаласында облыс тұрғындары және кәсіпкерлермен кездесті. Жиында өңірдегі жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпорын өкілдері өзекті мәселені көтерді. Олар автобустарды жаңарту үшін шара қабылдауды, автобус жүргізушілері үшін қажет жұмыс өтілін азайтуды, D санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін жас көрсеткішін төмендетуді сұрады.

Министр тиісті заң жобасы Мәжілісте қаралып жатқанын жеткізді.

Біз тамызға дейін мәселе түбегейлі шешіледі деп үміттенеміз. Автобус жүргізушілердің жасын 23-ке дейін төмендетіп, D1 санаты үшін жүргізуші өтіліне қойылатын талапты 3 жылдан 1 жылға дейін азайтамыз. Алайда мұнымен мәселе толық шешілмейді, дегенмен алғышарттар бар, - деді Марат Қарабаев.

Ведомство басшысы бұл мәселеге талдау жүргізілгенін жеткізді.

2014 жылға дейін D санаты бойынша 84 мың адам оқыған. Талап күшейгеннен кейін автобус жүргізушісіне оқитындардың саны 4 мыңға дейін азайды. Бұл – өте аз. Сондықтан Мәжіліс депутаттары мәселені түсініп, бізге қолдау көрсетеді деген үміттеміз, - деді Көлік министрі.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген