Геология саласына жасанды интеллект енгізу туралы меморандумдарға қол қойды

05.03.2024, 12:15
1093
Геология саласына жасанды интеллект енгізу туралы меморандумдарға қол қойды canva.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың Канададағы PDAC конференциясына сапары аясында қазақстандық делегация «Ulttyq Geologialyq qyzmet» АҚ (UGQ) мен Koan Analytics Inc, сондай-ақ, UGQ мен Geological Survey of Finland (GTK) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Қазақстан тарапынан құжатқа «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Ғалиев, Канада тарапынан – Koan Analytics Inc басшысы Роб Вуд, фин тарапынан GTK бас директоры Киммо Тииликайнен қол қойды.

Koan Analytics Inc – өнеркәсіптік сегментте қызмет ететін ұйымдар үшін интеграцияланған шешімдерді ұсынатын канадалық компания. Олар деректерді түрлендіру, архитектура, жіктеу, машиналық оқыту модельдерін таңдау, құру және оқыту, алгоритмдерді әзірлеу бойынша дамуды ұсынады. Сонымен қатар, әлеуетті компанияларға қолдау көрсетіп, олардың деректерін аналитикалық платформа моделі бойынша түрлендіруге көмектеседі.

Шара барысында  Қазақстанның «Ұлттық геологиялық қызметі» АҚ мен Фин геологиялық қызметі (Geological Survey of Finland, GTK) арасында да өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

GTK (Geological Survey of Finland) - Финляндия аумағының геологиялық құрылымын зерттеуге, оның минералды-шикізат ресурстарын талдауға, геологиялық ортаны пайдалану мен қорғаудың тұрақты әдістерін жасауға, сондай-ақ геология, геофизикалық және геохимиялық зерттеулерді, картографиялауды қоса алғанда, геология саласында әртүрлі мәліметтер базасын құруға маманданған.

Бүгін жасалған меморандумдар халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның геологиялық ресурстарына деген қызығушылы мен Канада тарапының  аталған секторда инвестициялық, экономикалық қатынастарды жақсарту үшін ынтымақтастықты нығайтуға дайындығының маңызды көрсеткіші, - деп атап өтті  «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Ғалиев.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді