“Құрметті, халайық! Менің жазылушыларым ешкімге сенбеңіздер. Ешкімге дауыс бермеңіздер. Менің телефоным бұзылып, WhatsApp аккаунтым істемей қалды. Оның үстіне ақша шешіп алған. Ешкімге сенбеңіздер.
Мен дауыс беруді сұрайтын конкурсқа қатысып жатқан жас әнші емеспін. Осыдан алаяқтарды тапсам, аямаймын. Басын жарамын! Бассыздық қой. Жалған хабарлама келсе, ашып, оқымаңыздар!”, – деп жазды халық әртісі.
Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі алаяқтарға алданып қалды
05.03.2024, 12:48
1342
Танымал әнші Мақпал Жүнісова WhatsApp желісінде өзінің атынан жалған сілтеме жіберіліп жатқанын ескертті.