Астанада ер адам әйелін көліктен сүйреп жолға түсіріп тастаған (видео)

05.03.2024, 13:50
1568
Астанада ер адам әйелін көліктен сүйреп жолға түсіріп тастаған (видео) бейнежазбадан

Астанада ерлі-зайыптылар жанжалдасып, ер адам әйелін көліктен түсіріп тастаған.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Түнгі сағат 02.00 шамасында «102» пультіне оқиға куәгерінен жол бойында «GEELY» көлігінің мас жүргізушісі әйелді ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу автопатруль жіберілген. Тәртіп сақшылары жеткенде жүргізуші көлікті тастап, жаяу қашуға әрекеттенген. Алайда көп ұзамай қолға түскен.

Тергеу барысында көліктің ішінде жүргізушінің әйелі болғаны анықталды. Оқиғадан сәл бұрын ерлі-зайыптылар дәмханада ішімдік ішіп отырған, сол жерде олардың арасында жанжал шыққан. Олар мас күйінде көлікке отырып, көлік жүргізіп келе жатқанда ерлі-зайыптылардың арасындағы шыққан жанжал жалғасып, жүргізуші көліктен әйелді мәжбүрлі түрде сүйреп түсірген.

Құрықталған жүргізушіні полицейлер бірден көлік жүргізуден шеттетіп, медициналық тексеруден өтуін сұраған. Алайда жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талабын орындаудан үзілді-кесілді бас тартып, бағынбаған.

"Полиция талаптарын орындамағаны және алкогольдік масаңдық бойынша тест тапсырудан жалтарғаны үшін жүргізуші 25 тәулікке әкімшілік қамауға алу қарастырылып, көлік коммуналдық тұраққа қойылған", - делінген хабарламада.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді