766

Жол апатында үш адамның өліміне себепкер болған жүргізуші сотталды

Маңғыстау облысында жол апатына ұшырап, үш адамның өліміне себепкер болған тұрғын 5 жылға сотталды.

Жол апатында үш адамның өліміне себепкер болған жүргізуші сотталды
canva.com
 

Қарақия аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық істе айыпты деп танылған тұрғынға үкім шықты.

Сот барысында айыпталушы азаматтың Жаңаөзен-Қызылсай жолында «Toyota Sienna» көлігімен жол ережесін өрескел бұзып, қарсы бағытта келе жатқан «Toyota Hilux»-ке соғылған. Оқиға салдарынан «Toyota Hilux» көлігінің жүргізушісі және қасындағы екі жолаушысы қайтыс болды.

Сотталушы азамат өзіне тағылған айыппен келісіп, кінәсін мойындап, жасаған әрекеттеріне шын өкінетінін, бас бостандығынан айыру мен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

«Сот айыпталушының жасаған қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде кінәсін толықтай мойындауын, шын ниетпен өкінетінін, жәбірленушілердің талабының жоқтығын, кешірім бергенін таныды. Үкім бойынша тұрғын оқиғаға кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 5 жыла бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп жазылған Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енді.