"Олар бейшараның күнін көріп отыр": депутат министрді сынға алды

06.03.2024, 12:27
525
"Олар бейшараның күнін көріп отыр": депутат министрді сынға алды коллаж: smartnews.kz

Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Базарбек ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті сынға алып, Алматыдағы сейсмологиялық институттың ахуалына назар аударуға шақырды.

Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлады.

– Шіркін, біздің министрлер сіз сияқты қызыл тіл, суырыпсалма, шешен болса барлық сұрақтарға жауап болар еді. Әдемі өлең сияқты сізді қазір тыңдап отырмыз. Саясат Нұрбекұлы, менің сұрағыма келейін: дүйсенбі күні Алматыда үлкен жер сілкінісі болды. Күні кеше мен Алматыдағы сейсмология институтының ғылыми қызметкерлерімен кездестім. Сіз қазір осы жерде «үкіметтен қолдау көрсетіліп жатыр» деп отырсыз. Іс жүзінде олар бейшараның күнін көріп отыр. Ешқандай ғылыми жобалары қабылданбады. Бүкіл қаржыландырудан кесіп тастады. Тіпті олар айлығын ала алмайды. Ал сейсмостансалардың өзі темір қаңылтыр. Сейсмоқауіпсіздіктің жағдайы осындай. Қазір институт қазір ТЖМ қарауында. Оны ғылым және жоғары білім министрлігіне қайтаруға қалай қарайсыз?

Бұл сұраққа жауап берген Саясат Нұрбек шын мәнінде бірталай институт салалық министрліктерге берілгенін айтады. 

– Ауыл шаруашылығында да көп мәселе жиналып қалды. Оның ішінде сейсмология институты да қазір ТЖМ қарауында. Өкінішке қарай, ол дұрыс емес. Бірақ оларда толыққанды қаржыландыру да жоқ. Біз де оларға кіріп, ішкі процедураларын қолдай алмаймыз. Сондықтан, қайтарылса біз қарсы болмаймыз. Бірақ биыл нысаналы грант ретінде институтқа 3,5 млрд теңге беріп отырмыз. Берілген меніңше, дұрыс болады, – дейді министрлер.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды