"Құранды жатқа біледі": Нұрлан Абдуллин алғаш рет балалары туралы айтты

06.03.2024, 12:59
1366
"Құранды жатқа біледі": Нұрлан Абдуллин алғаш рет балалары туралы айтты Бейнежазбадан

Өнер иесі үнемі гастролдік сапарда жүретін болғасын балаларының қалай тез өсіп кеткенін байқамаған.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші, Нұрлан Абдуллин алғаш рет отбасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “1001” түн бағдарламасына сілтеме жасап мәлімдеді.

“Балаларым ержетті. Немерелерім бар. Ұлым Айдын 17 жасқа толғанда “Әке, сізбен қарсы алатын жаңа жыл бола ма?” деп ренжіді. Сол кезде қатты ойланып қалған едім. Шынымен өнер адамы түзде жүреді. “Ұлым ержетті, енді жанында жиі болуым керек” деген ой келді. Одан кейін Айдын әжесінің тәрбиесінде өсті. Сондықтан менің інім сияқты. Екеуміз көп сырласамыз, өзінің идеяларын айтады. Жаңа жылдан кейін, қаңтардың басында 1-2 апта ұлымыз екеуміз демалып келеміз. Әке мен баланың арасындағы байланыс ешқашан үзілмеуі керек”, – дейді әнші. 

Сонымен қатар өнер иесі ұлының дінге жақын екенін айтады. Тіпті 13 жасында өлі әруақтарға құран бағыштап, сүре оқығанын көргенде көз жасына ерік берген.

“Ұлым ата-әжесінің қолында өскен. Қазақта олардың тәрбиесі ерекше саналған ғой. Анам қайтыс болғаннан біршама уақыттан кейін ұлыма "әжеңнің басына барып қайтайық" деп айттым. Жолдағы мешіттен молда алып кетіп, құран бағыштап жібереміз деп ойладым. Қарбаласып жүріп ұмытып кетіппін. Молданы ертіп шықпағаным, зиратқа барғанда бір-ақ есіме түсті. Ол кезде ұлымның жасы 13-те еді. Сонда маған қарап тұрып, "әке, мен өзім оқимын ғой" деді. Таңданып, "оны қайдан үйрендің?" деп сұрасам, "әжем үйретті" деп жауап берді. Кейін отырып, құранды әдемілеп оқыған кезінде мен көзіме жас алып, ұлыма риза болдым", – деп жаны сырын ақтарды өнер иесі.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды