"Бір қызға бола, бүкіл қазақ қызын жек көрдім": Өктем Алтаев жауапсыз махаббаты жайлы ағынан жарылды

06.03.2024, 13:35
1341
"Бір қызға бола, бүкіл қазақ қызын жек көрдім": Өктем Алтаев жауапсыз махаббаты жайлы ағынан жарылды "Менің өмірім" бағдарламасы

Композитор Өктем Алтаев танымал бір әнінің ғашық болған аруына арналғанын айтты.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Әнші "Менің өмірім" бағдарламасында үйленгелі жүрген қызының жігіті бар боп шыққаны жайлы баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама мәліметінше, әншінің "Не жаздым, жаным, саған" деген әні күйзелісте жүргенде жазылған.

"Бұл әнді күйзеліске түскенде жазғаным рас. Мен бір жақсы көрсе, бар ықыласыммен жақсы көретін адаммын. Бір қызбен танысып, бар махаббатымды соған арнадым. Болашаққа жоспар құрдық. Оның жігіті бар екен. Оны маған айтпаған. Сөзбен үйленуге дейін бардық. Арамызда сенім пайда болды. Ер адам "Үйленем. Балаларым болады" деп жоспар құрады ғой. 100 пайыз кәміл сеніп жүрсем, оның оқып жүрген жерінде жігіті бар екен. "Болмайды" деп жауап берді. Сол кезде төбемнен су құйғандай болды. Өмірге деген құштарлық кеттік. Адамға деген сенім кетті. Жеңгелерім қызды айтса, "Айтпа" дейтінмін. Бір қызға бола, бүкіл қазақ қызын жек көріп кеттім. 1-2 жыл қатты күйзеліске түстім", - деді әнші.

Сонымен қатар Өктем Алтаев аталмыш арудың қазір бақытты екенін айтты.

"Ол қыз бұл әннің өзіне арналғанын біледі. Құдайға шүкір, ол қыз қазір бақытты. Тағдыр ғой. Әрине, байқайсың ғой. Солай болды", - деді Өктем Алтаев. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды