Үндістан мектебінде тұңғыш робот мұғалім жұмыс істей бастады

06.03.2024, 17:57
1078
Үндістан мектебінде тұңғыш робот мұғалім жұмыс істей бастады vse42.ru

Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатының мектебінде жасанды интеллектке (ЖИ) негізделген алғашқы робот мұғалім пайда болды.

Kazinform хабарлауынша, оны жасаушылардың айтуынша, роботқа Iris есімі берілді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлайды.

Роботқа жарқын сари кигізілген нағыз ұстаз әйелге тән қасиеттер берілді. Робот сынып ішінде өзіне орнатылған доңғалақтардың көмегімен қозғалады, ал оқушылармен кездескен кезде қолын созып амандасады.

Iris өз жұмысын Тривандрум жоғары орта мектебінде бастады. Ол дыбыстық көмек арқылы түрлі тақырыптар бойынша әртүрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беріп, интерактивті оқытуды жеңілдетеді. 

«Іris-тің көмегімен біз шын мәнінде жекелендірілген оқу тәжірибесін жасау үшін жасанды интеллект күшін пайдалану арқылы білім беру жүйесінде төңкеріс жасағымыз келеді. Робот әрбір оқушының қажеттілігі мен қалауына бейімделе отырып, мұғалімдерге тартымды және тиімді сабақтар өткізуге мүмкіндік береді», - дейді әзірлеушілер.

Бақылаушылардың пікірінше, алдағы жылдары робот-мұғалімдерді қолдану ауқымын бағалау әлі де қиын, бірақ Iris-ті жұмысқа тарту тәжірибесі ЖИ көмекші рөл атқаратын білім берудің болашағы туралы түсінік береді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды