Әлем бойынша 100-ден астам биржалар сауда-саттығының оныншы мерейтойлық ашылу рәсімі өтті

06.03.2024, 19:30
376
Әлем бойынша 100-ден астам биржалар сауда-саттығының оныншы мерейтойлық ашылу рәсімі өтті

2024 жылғы 6 наурызда "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – Биржа, KASE) Халықаралық қаржы корпорациясымен (бұдан әрі – IFC) бірлесіп БҰҰ-ның "Тұрақты қор биржалары" бастамасын (Sustainable Stock Exchanges Initiative, бұдан әрі – SSE бастамасы) іске асыру шеңберінде жыл сайынғы Ring The Bell for Gender Equality сауда-саттықтың ашылу рәсімін өткізді, оның аясында "Invest in Women: Accelerate Progress" тақырыбында пікірталас өтті.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ring The Bell for Gender Equality сауда-саттықтың ашылу салтанаты тұрақты даму саясаты мен ESG қағидаттары контекстінде гендерлік инклюзивтілікті дамыту перспективаларына және гендерлік теңдікті қолдауға әлемдік қауымдастықтың назарын аударуды көздейді.

Іс-шарада "Қазақстан қор биржасы" АҚ Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Айдын Дәулетбақ, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" (ҚҚҚ) ЗТБ кеңесінің Төрайымы Елена Бахмутова, IFC Инвестициялар жөніндегі маманы және Таяу Шығыс, Орталық Азия және Түркия әйелдері арасындағы банк қызметі бойынша чемпион атағына ие Джерен Ожан құттықтау сөз сөйледі. Бейне хабарламада IFC вице-президенті Эммануэль Ниринкинди, IFC гендерлік, экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі директоры Натали Габала сөз сөйледі.

"Бүгінде бүкіл әлем бойынша 100-ден астам биржалар Ring the Bell for Gender Equality сауда-саттығының оныншы мерейтойлық ашылу рәсімін атап өтуде. Салтанатты рәсімге KASE 2017 жылы қосылды және осы күнге дейін Қазақстанда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдердің тұрақты дамуы мен бизнесі үшін құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ олардың басшылық лауазымдарға қол жеткізуі және елдегі маңызды мәселелерді шешуге қатысуын ілгерілетуде", - деп атап өтті Алина Алдамберген.

Салтанатты рәсімде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Абдолла "Даму" Қоры іске асыратын әйелдер кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау шаралары" тақырыбындағы таныстырылым ұсынды. 

"Invest in Women: Accelerate Progress" тақырыбындағы пікірталас инвестициялар саласындағы сарапшылар мен ірі қаржы ұйымдары басшыларының қатысуымен өтті, олар әйелдер кәсіпкерлігіне инвестициялау және жасыл қаржыландыру контекстінде гендерлік инклюзивтілік тақырыптарын талқылады.

Халықаралық іс-шарада "invest in Women: Accelerate Progress" пікірталасында Елдер операциялары жетекшісі және Қазақстандағы Азия Даму Банкі өкілдігі директорының м.а. Искандар Гуламов, Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" Құрылымы Кеңсесі басшысының м.а. Дина Амришева, "Банк ЦентрКредит" АҚ Вице-президенті және Басқарма мүшесі Нұрлан Шегебаев сөз сөйледі. Сондай-ақ, пікірталасқа "Black Biotechnology" ЖШС Операциялық директоры Айжан Күмісбекова және "BRB APK" ЖШС Бас директоры Ақмарал Мұхатова қатысып, KASE алаңында қаржыландыруды тартумен байланысты жетістіктері туралы әңгімеледі. Пікірталас модераторы KASE эмитенттерімен және инвесторларымен жұмыс департаментінің директоры Дәурен Тасмағамбетов болды.

"Биыл Халықаралық әйелдер күні тақырыбы гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін әйелдерге инвестиция салудың маңыздылығын көрсетедіі. Бұл бағыттағы прогресті жеделдету қоғамның тұрақты дамуы мен елдің экономикалық өркендеуі үшін қажет, және бүгінгі таңда гендерлік теңдікті ілгерілетуге және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге инвестициялау арқылы барлық мүдделі тараптардың шешуші бірлескен іс-қимылдарының уақыты келді", - деп атап өтті Дина Амришева.

Сауда-саттықтың ашылу рәсімін өткізу қазақстандық қаржы қоғамдастығы үшін жақсы дәстүрге және қазіргі заманғы бизнес жағдайындағы гендерлік әртүрлілік тақырыбындағы диалог алаңына айналды. 

"Банк ЦентрКредит" АҚ Вице-президенті және Басқарма мүшесі Нұрлан Шегебаев және "BRBAPK" ЖШС Бас директоры Ақмарал Мұхатова дәстүр бойынша гонгты соғып, сауда-саттықты ашты. 

Қазақстан қор биржасы Басқарма Төрағасының орынбасары Жайнар Саржақов KASE-де сауда-саттықты өткізу техникасы мен сатылатын құралдар туралы әңгімеледі.

KASE бұл рәсімді БҰҰ-ның "Тұрақты қор биржалары" – Sustainable Stock Exchanges Initiative бастамасын іске асыру шеңберінде 7-ші рет өткізуде. KASE аталған бастамаға 2015 жылы қосылған. Бұл акцияны бүкіл әлем бойынша дәстүрлі түрде UN Women, Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), "Әйелдер және биржалық индекстік қорлар" ұйымы және Дүниежүзілік биржалар федерациясы қолдайды. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша 100-ден астам биржалар UN SSE бастамасы аясында гендерлік теңдікке арналған сауда-саттықтың ашылу рәсімін өткізеді. 

"Тұрақты қор биржалары" бастамасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі ұйымдардың БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін гендерлік теңдікті ілгерілетуге қосатын негізгі үлесіне назар аудару, жеке сектордағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және қаржыландыруға қол жеткізу туралы хабардарлықты арттыру болып табылатынын атап өту маңызды.

Гендерлік инклюзивтілік бойынша бас күн тәртібі бар іс-шара Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткізілді.

 Анықтама үшін

"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Орталық Азия өңіріндегі жетекші қор биржасы болып табылады. KASE бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша ТМД биржалары арасында екінші және FEAS биржаларының акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша төртінші орында.

Бұл корпоративтік және мемлекеттік бағалы қағаздар, халықаралық қаржы институттарының облигациялары, шетел валюталары, ақша нарығының операциялары – репо және своп, сондай-ақ туынды құралдар үшін әмбебап сауда-саттық алаңы.

KASE халықаралық биржалар Федерациясының (WFE), Еуро-Азия қор биржалары Федерациясының (FEAS), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері биржаларының Халықаралық қауымдастығының (ТМД БХҚ), The Global Association of Central Counterparties (CCP Global) және басқа да халықаралық және отандық кәсіби бірлестіктердің мүшесі, сондай-ақ БҰҰ-ның "Тұрақты қор биржалары" – Sustainable Stock Exchanges Initiative бастамасының қатысушысы болып табылады.

«Аты Салтанат болу керек пе еді?»: Ақтауда адам өлтірген экс-прокурор 1,5 жыл шартты жазамен құтылып кетті Рэпер Jah Khalib зорлық туралы сөздері үшін Молдовадағы фестивальде өнер көрсетпейтін болды «Сүріндім деп жасыма»: Қайрат Нұртастың жазбасы елді ойландырып қойды Қазір басым бос: Танымал актриса өзіне қандай жігіттер ұнайтынын айтты Оралда бастауыш сынып мұғалімін өлтіріп кетті: күдікті ұсталды «Делай, н***!»: Қайрат Нұртас жабық клубта бейәдеп сөз қолданды (ВИДЕО) «Тоқал десе, тік тұрады»: Талғат Жорабаевтың әйелі тоқал алғысы келетін еркектерге қарсы Ұйғыр ауданында ұлтараздықты тудырған зейнеткерге сот үкім шығарды Тәуекел Мүсілім әкесінің туған жерінде ас берді Жамбыл облысында интернатта жоғарғы сынып оқушысы 14 жасар ұлды зорлаған «Қызметтік көлікте жыныстық қатынасқа түскен»: СҚО-да шулы видеодан соң полицей жұмыстан кетті (ВИДЕО) «Ұлан екеумізді бірге көрмейсіздер»: Балжан Бидаш футболшыға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады «Баламды соттай ма деп қорқамын»: 28 жылдан соң ұлымен қауышқан ана оқиға туралы айтты «Алматы-бақша қаласы»: танымал актриса атаулы алма ағашын отырғызды Жолаушылар вагоны жаңаларына ауыстырылды Орталық спорт клубының спортшылары Париж олимпиадасына 9 жолдама ұтып алды Салтанат Нүкенованың ағасы көпшілікті алаяқтардан сақ болуға шақырды Балағат сөздер айтқан: «Ақтөбе» жанкүйерлері жауапкершілікке тартылды Ерлан Қарин: Елтаңбаны өзгерту – Президенттің ұсынысы емес Қар мен бұршақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды