Шымкент әкімінің экс-орынбасары пара беріп, тергеуден сытылып кетпек болған

07.03.2024, 09:08
840
Шымкент әкімінің экс-орынбасары пара беріп, тергеуден сытылып кетпек болған Бейнежазбадан

Шымкентте қала әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сот басталды. Мақсұт Исақовқа «аса ірі көлемде пара берді» деген айып тағылып отыр.

Экс-шенеунік қомақты ауызбастырық беріп, тергеуден сытылып кеткісі келді дейді мемлекеттік айыптаушы. Бұл туралы Халық үні КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Кездесу кезінде Исақов Сарбасовқа 200 мың долларды алдын ала келісілген жерге жеткізетінін айтады. Сөйтіп өз адамы арқылы қаладағы дүкендердің біріне 200 мың долларды пакетпен бірге тастап кетеді. Бұл қомақты қаражатты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тәркіледі,  - дейді прокурор Мұхтар Арыстанов.

Тергеу мәліметінше, Шымкент әкімдігі үлкен көшелердің бірінің жылу құбырын ауыстыруға тендер өткізіп, оны әкім орынбасарына жағымсыз мердігер ұтыпты. Сөйтіп құрылыс компаниясынан 187 миллион теңге талап еткен көрінеді. Бұл соманы бермесе, мердігерге «соңыңнан шам алып түсемін» мен қорқытқан көрінеді. Кәсіпкер дереу Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арызданған. Сөйтіп осы істі жабу үшін Мақсұт Исақов комитеттің Шымкент департаменті бастығының орынбасарына 200 мың доллар бермекші болған дейді тергеушілер.

Исақовтың өзі бірде-бір айыппен келіскен жоқ. «Ешкімнен ешқашан пара алған да, берген де емеспін» деуден таңбады. «Керісінше, Манат Сарбасов кездесу кезінде 500 мың доллар бермесең, бәрібір қамайды» деп қоқан-лоққы жасады дейді экс-шенеунік. «Сегіз айға созылған тергеу кезінде көрмегенім жоқ» деп, әкімнің бұрынғы орынбасары тіпті жылап жіберді.

Бір кісілік камерада отырасың. Ешкімді, ештеңені білмейсің. Таразының бір басында 10-15 жыл, бір жағында алты балам, бесеуі кәмелетке толмаған, 75 жастағы кәрі анам бар. Таңдау жасаған өте қиын, ешкімнің басына мұндай сынақ бермесін. Айып етпеңіздер, деді айыпталушы Мақсұт Исақов.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады