Сенатор мектеп психологтарының заңды мәртебесін көтеруді ұсынды

07.03.2024, 14:01
630
Сенатор мектеп психологтарының заңды мәртебесін көтеруді ұсынды gov.kz

Қазақстанда психологиялық көмек көрсету жүйесі нашар дамыған. Сондықтан проблемалар уақтылы анықталмайды және жастарға психологиялық көмек тиісті деңгейде көрсетілмейді.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Ғалиасқар Сарыбаев осы мәселені көтерді.

Сенатордың пікірінше, балалардың психологиялық жағдайы мен мінез-құлқындағы алғашқы проблемалар мектепке дейін және мектеп жасында анықталады.

Бұл ретте педагог-психологтардың оқушыларға жеке дара қолдау жасауға қол жеткізу мүмкіндігі және оның сапасын арттыру мәселесіне ерекше назар аудару қажет.

Алайда, бұл салада бірқатар проблема бар.

«Орта есеппен 1,5 мың бала оқитын мектепте - 60, ал 4500 және одан да көп оқушылары бар білім ошақтарында - 170-тен көп сынып бар. Яғни, бір психолог 2000 оқушыға және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қызмет көрсетіп жатыр. Психологтың үлкен жүктемесі болуына байланысты нақты мұқтаж адамға көмек берілмей жатады», - деді Ғ. Сарыбаев Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған сауалында.

Сенатор мәселені шешу үшін мектеп психологтарының саны жөніндегі нормативті есептеуді қайта қарауды және оған сынып санына түзетулер енгізуді ұсынады.

«Ресми түрде 1987 жылы психолог штаты мектептерге енгізілгенімен, олардың заңды мәртебесі анықталмаған. Еңбекақы төлеу жүйесінде олар қосымша мамандық ретінде айқындалған. Психолог ерекше мамандық екенін ескере отырып, негізгі мамандар тізбесіне енгізуді ойластыру қажет», - деді депутат.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды