«Чемпиондардың алғашқы жанкүйері»: спортшылардың анасына сыйлық таратылды

08.03.2024, 09:48
1068
«Чемпиондардың алғашқы жанкүйері»: спортшылардың анасына сыйлық таратылды turizm_jane_sport_ministrligi

Чемпион спортшылардың аналарына министр құрмет көрсетті.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Туризм және спорт министрлігі спортшылардың аналарын шуақты мерекемен құттықтады. 

Ведомство басшысы Ермек Маржықпаев ел абыройын әлемдік аренада лайықты қорғап жүрген азаматтарды тәрбиелегені үшін алғысын білдірді:

«Әрбір адамның өмірінде ананың орны бөлек. Спортшылар да анаға арқа сүйейді. Балаларын жаттығуға да апаратын, рухани қолдау көрсететін де аналар. Сондықтан спортшының анасы болу – асқан жауапкершілік пен шыдамдылықты, оған қоса айрықша еңбекті талап етеді. Сіздердің бала тәрбиесіндегі рөліңізді сөзбен жеткізу қиын және сіздер де спортшылар сияқты кез келген құрмет пен марапатқа лайықсыздар. Өйткені балаларыңыз биік шыңды бағындыру үшін көп нәрсені құрбан еттіңіздер, дегенмен, соның өтеуі ретіде бүгінде осындай керемет мақтаныш пен қуанышқа бөленіп отырсыздар. Ана – кез келген спортшының ең бірінші жанкүйері, ең жақын досы, адал тәлімгері және, әрине, ең қымбат адамы. Қамқорлық пен тәрбиенің, балаңыздың қабілетіне деген сенімнің арқасында сіздер нағыз чемпиондарды өсіре алдыңыздар. Баршаңызды көктемнің осы бір шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!», - деді Ермек Маржықпаев.

Кездесу барысында Туризм және спорт министрі Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың шахматтан Халықаралық Гроссмейстер Сәдуақасова Динараны құттықтау хатын анасы Өтешова Орал Махметқызына табыстады.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысқан құрметті меймандарға алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды. Өз кезегінде, аналар ризашылығын білдіріп, еліміздегі барша әйел қауымын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ спортшыларымыз халықаралық байрақты бәсекелердегі өнерімен тек өз ата-аналарын ғана емес, еліміздің барша жанкүйерін қуантуға тілектес екендігін жеткізді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды