«Оңбай жарақат алдым». Жанар Айжанова жол-көлік оқиғасына тап болған кезін еске алды

Аиса Махамбет Редактор
08.03.2024, 14:05
2405
«Оңбай жарақат алдым». Жанар Айжанова жол-көлік оқиғасына тап болған кезін еске алды бейнежазбадан алынған кадр

Танымал әнші, актриса Жанар Айжанова оқыс оқиғаға қалай тап болғанын баяндап берді. Ол туралы өнерпаз Adal Adam бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, өнерпаздың айтуынша, ол 2023 жылы желтоқсан айында жол-көлік оқиғасына тап болған. 

«Жаңа жылдың алдында жол-көлік оқиғасына түстім. Жақсы адамдарға жолықтыршы – деп тілейтінмін. Сол оқиғада жақсы адамдарға тап болдым. Менде барынша өзімінің тарапымнан іс-әрекеттерімді жасадым, өзімде оңбай жарақат алдым. Бұл жерде мейірім жеңді. Мейірімнің арқасында жол-көлік оқиғасына тап болсақта, бір-бірімізді кешірдік. Сондағы айтатыным біз зұлымдықпен ештеңені жеңе алмаймыз. Қайдан келдік, қайда барамыз соны ұмытып кеттік. Қазіргі заман, аяғы аспанға қараған заман болып тұр. Қазір біреу жалаңаштанып, хайп жасаса ертесі лидер деген әйелдердің ортасында жүреді. Қазіргі заманда, мына біздің заманда жақсы адам болу өте қиын», - дейді Жанар Айжанова.

Сондай-ақ, ол жас әншілердің іс-әрекетіне шүйлікті.

«Бұрын әнші болу өте қиын еді. Қазіргідей ақпараттық құралдар жоқ. Үйде отырып-ақ, бір ән айтып, ертесі бағдарламаларда жүреді. Барлығы хит болып жатыр. Ол әнші болуға жүрыс емес. Себебі біріншіден ұстаздыңалдынан өтпеген, екіншіден коллектив көрмеген. Коллективте сен үлкенді тыңдайсың, оның әңгімесін тыңдайсың. Біз солай тәрбиелендік. Қиыншылық көрмей, дайын асқа, тік қасық болып келіп қалған балалар хайп жасауы мүмкін. Алған үйін, көлігін түсіреді. Сол үшінде өз еңбегімен барлығына жеткен шынымен Қазақстанның халық әртістеріне күйе жағылады», - дейді актриса.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады