729

Қазақстандық дипломаттар Мәскеудегі Дон зиратында Әлихан Бөкейхановты еске алды

Қазақстандық дипломаттар Мәскеудегі Дон зиратында "Алаш" партиясының негізін қалаушы әрі ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейхановты еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Қазақстандық дипломаттар Мәскеудегі Дон зиратында Әлихан Бөкейхановты еске алды
kazembassy.ru

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, шараға Бөкейхановтың немере інісі, Мәскеу мемлекеттік технологиялық университетінің профессоры Нұрым Бөкейханов қатысқаны айтылады. 

«Қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туған күніне орай Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің дипломаттары оның Дон зиратындағы сталиндік қуғын-сүргін құрбандары жерленген жаппай бейітке гүл шоқтарын қойды», – делінген Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметінің ақпаратында.

Алаш партиясы жетекшілерінің бірінің жерленген жері 1990 жылдардың басында «Атылу тізімдері: Дон зираты. 1934-1940» кітабы жарыққа шыққаннан кейін ғана анықталды.

Әлихан Бөкейханов – «Алаш» ұлттық демократиялық партиясының негізін қалаушы және жетекшісі, саяси және қоғам қайраткері, педагог, журналист және этнограф. 1937 жылы 27 қыркүйекте атылып, мемлекет қайраткері Нығмет Нұрмақовпен бірге жерленген, ол да атылған.

1989 жылы мамырда КСРО Жоғарғы сотының жарлығымен Бөкейханов қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор