Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқан 7 адам сотталды

Аиса Махамбет Редактор
08.03.2024, 15:29
1151
Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқан 7 адам сотталды ҚазТАГ

Алматыда сот жеті адамға қатысты үкім шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, сотталушылар 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде билікті басып алуды насихаттады деп айыпталды. 

Алматының қылмыстық істер жөніндегі соты 7 сотталушыға қатысты істі қарады.

«Олар экстремистік топ құру және оның қызметіне қатысу, қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сақтау арқылы (182-баптың 2-бөлігі, 179-баптың 2-бөлігі, 24-баптың 1-бөлігі, 272-баптың 1-бөлігі, 287-баптың 4-бөлігі ҚР ҚК) жаппай тәртіпсіздікке шақыру жолымен билікті басып алу мен ұстауды насихаттады деп айыпталды.

Сот сотталушылар А., К., Т., О., Н. және К. 2022 жылдың сәуірі мен қарашасы аралығында көптеген кездесуге қатысып, онда билікті күштеп басып алуға үгіт-насихат жүргізіп, жария түрде шақырып, жаппай тәртіпсіздіктер жасауды ұйымдастыру, сондай-ақ билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсету мәселелерін талқылағанын анықтады», - делінген хабарламада.

Прокурор жеті сотталушыны да кінәлі деп тануды сұрады. Мемлекеттік айыптаушының сұрауы бойынша, мынадай жаза тағайындау сұралған:

И. 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру;

Т. мен А. – 15 жылға бас бостандығынан айыру;

қалған төрт сотталушыға – 13 жылға бас бостандығынан айыру.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды