1583

Сенсация: Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының жоғалған беттері табылды

Жоғалып кетті делінген парақтар Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан табылды.

Сенсация: Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының жоғалған беттері табылды
ашық дереккөзден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, табылған қолжазба "Әдебиет танытқыштың" соңғы беттері. Осы жаңалық туралы мұратанушы Әділет Ахметұлы мәлімдеді. Бұған дейін зерттеушілер аталмыш еңбектің толық емес нұсқасын оқып келген еді. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

- Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет таныт­қышының" соңғы беттері табылды. Жәдігер мұраның соңғы беттері жыртылмаған нұсқа­сы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітап­ханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында болып шықты. Бұған дейін алаштанушы ғалымдар, олардың ізін басқан жастар сан рет шиырлаған қазыналы қордан арнайы іздегенде табылмай, кездейсоқ ұшырасып қалғанына өзіміз де таңбыз, – деп жазды ғалым. 

Ғалымның сөзінше, жоғалған парақтар саны – екеу. Ахмет Байтұрсынұлы осы екі парақта "Айтыс-тартысқа" жататын бес атауды қысқаша ғана таныстырған. 

Бүгінде осы бір нұсқа Қазақстанның ұлттық электронды кітапхана сайтына жүктелген. 

Материал авторы