1453

Қар, жаңбыр: демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

9-10-11 наурыз күндері күн райында біршама өзгерістер болмақ.

Қар, жаңбыр: демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады
ашық дереккөзден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, синоптиктердің пайымдауынша, алдағы үш күнде – 9, 10, 11 наурызда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі жазды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік және Оңтүстік циклондарға байланысты қар аралас жаңбыр, жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, жел күшейіп, боран болуы ықтимал.

Сенбіде Қазақстанның басым бөлігінде қатты жаңбыр жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында әрі орталық Қазақстанда қар мен жаңбыр аралас жаңбыр болуы мүмкін. 10 наурызда болса еліміздің шығысында қатты жаңбыр жауады деген болжам бар.

Сондай-ақ синоптиктер еліміздің температуралық фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейтінін айтты.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор