Астанада шабандоз арулар арасында конкурдан ашық біріншілік өтіп жатыр

09.03.2024, 09:50
1187
Астанада шабандоз арулар арасында конкурдан ашық біріншілік өтіп жатыр gov.kz

70-ке жуық шабандоз ару өзара сайысқа түскен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай конкурдан қыздар арасында ашық біріншіліктің ашылу салтанаты өтті. 

Елорда маңындағы «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде Астана, Қарағанды, Алматы қаларымен қатар Алматы облысынан келген 70-ке жуық шабандоз ару өзара сайысқа түсіп, үздіктерді анықтауда.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының президенті Ерлан Каналимов қалада бұл спорт түрі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

“Сіздерді алдымен бүгінгі келіп жеткен көктемнің шуақты мерекесі - 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Конкур қазаққа жат емес. Бұл да – арғымақтардың сайысы. Айтулы спорт түрі елімізде, соның ішінде елордада қарқынды қанат жайып келе жатыр. Өйткені бұл дода Астанада осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Жалпы мереке сайын жиі өтіп тұрады. 

Бүгінгі сайыста тек ең жүйрігі, ең мықтысы, ең лайықтысы жеңіске жетсін дегім келеді. Баршаңызға мың рақмет. Көктем мерексі құтты болсын!” - деді ол. 

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген бұрымдылар сайыстың 6 бағдары бойынша сынға түсуде.

“Мен бүгін қыздар арасындағы жарыста «Жастар санаты» бойынша кедергілердің биіктігі 100 см секіріп шықтым. Алдыңғы қатардан көрініп, бірінші орын алдым. Өте қуаныштымын. Өзім Астана қаласының спортшысымын”, - деді Жастар санатының жеңімпазы Малика Серік.

Айта кетейік, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ашық біріншіліктің жалпы жүлде қоры 6 млн теңгені құрайды.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды