Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы 6 медаль алды

10.03.2024, 14:31
911
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы 6 медаль алды gov.kz

Түркиядағы жарыста қазақстандық әйел палуандар жүлделі орындар алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан белгілі палуандар - Яшар Догу, Хамит Каплан және Вехби Эмрені еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнирде әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы 6 медаль алды.

Екінші жарыс күні бозкілемге шыққан Ирина Кузнецова (62 кг) финалға жетіп, қырғыз палуаны Айсұлу Тыныбековаға есе жіберіп, күміс жүлде алды. Ал Гүлдана Бекеш (59 кг), Елена Шалыгина (68 кг) мен Шәмшиябану Тастанбек (72 кг) қола жүлдегер атанды.

Алғашқы күні Эльмира Сыздықова (76 кг) күміс, Эмма Тисина (57 кг) қола жүлдеге ие болған. Жалпы командалық есепте әйелдер арасында Жапония 135 ұпаймен 1-орын алса, Моңғолия (133 ұпай) екінші, Қазақстан 122 ұпаймен (2 күміс, 4 қола) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, биыл тарихы терең турнирге 25 мемлекеттен 600-ден астам палуан жиналды. Турнирді еркін күрес шеберлері аяқтайды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды