«Екеуінің махаббатындай жұпты мен әлі кездестірмедім»: Жазира Байырбекова балалық шағын еске алды

Аиса Махамбет Редактор
10.03.2024, 15:08
2331
«Екеуінің махаббатындай жұпты мен әлі кездестірмедім»: Жазира Байырбекова балалық шағын еске алды жеке Instagram парақшасынан

Әнші ұлының арқасында шетелде демалып жүргенін айтып, өз балалық шағын еске алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Жазира Байырбекова өзінің балалық шағын еске ала отырып, өзінің балалары туралы сөз қозғады.

«Қыста мектепке киетін аяқ киімдерімізді ошақтың айналасына кептіріп қоятынбыз. Түнде әжетқанаға бару үшін үлкендердің біреуін оятатын едік. Ошақтың сықырлап жанып тұрғаны сығырайып, плиталардың арасынан жарық беріп тұратын. Иттер үрсе кім жүр екен деп терезеден қарайтынбыз. Бәріміз қатарымыздан тізіліп ұйықтайтынбыз. Үйдегі ең кішкентайдың қасына жатуға таласатынбыз. Әкеміз біз ұйықтап жатқанда жұмысқа кететін. Біз ұйықтар алдында келетін. Сирек көрген соң ұялатынбыз әкемізден.

Жексенбі күні бізді масақ теруге немесе қалаға концерт көруге, әйтеуір бір жаққа апаратын. Әкемнің қабағын баққан анама әкем үнемі тосын сый жасап жүретін. Екеуінің махаббатындай жұпты мен әлі кездестірмедім. Жазда көршінің бағындағы біздің аулаға түскен алмасы дәмдірек көрінетін.
Көшеден көлік өткенде жүгіріп барып шаңын иіскеген ұнайтын маған. Қарлығаштың ұясын бұзып,балапандарының аяғына жіп байлап ұшуды үйретем деп өлтіріп алғам.Оны бір жерге көміп Х осындай қойып кеткем ағаштан. Ауылдың сыртына барып өліп жатқан итті түлкі,терісін алып өткіземіз деп сүйреп алып келгенбіз. Күзде тығылмашақ ойнап жүріп қалың сары жапырақтардың арасына ұйықтап қалып әрең табылғандарымыз бар.
Нағашы әжем Алматыда тұратын. Үнемі сары май, кәмпиттер посылкамен салатын. Сары майды нанға жағып, бетіне құмшекер сеуіп жейтінбіз» – деді әнші.

Сондай-ақ әнші тұңғыш ұлы Қазбектің жетістіктерін сөз етіп, ұлының арқасында шетелде қыдырып жүргенін айтты.

«Әр заман әр түрлі.

Біздің балалардың да өз естеліктері болады. Біз мұндай болғанбыз, сендер де сондай болуларың керек деу қате деп ойлаймын.

Тұңғышымыз Қазекем Аллаға шүкір кәсіптерін жасап бізге ел жер аралатып жүр. «Болашақта балаларыма көп байлық жинап, оларды жетістікке жету бақытынан айырғым келмейді» деді Қазекем. «Олар өз еңбекпен жеткенде бақытты болады» дейді.

Ойланып қарасам Қазекем өз еңбегімен тапқан табысына ел аралап жүргені, бізді де аралатып жүргені көңіл толтырады. Аллаға сансыз шүкір» – деді әнші.

Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар»