«Теріс ақпарат қаптап кетті»: танымал журналист бельгиялықтар асырап алған бала туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
10.03.2024, 16:16
3920
«Теріс ақпарат қаптап кетті»: танымал журналист бельгиялықтар асырап алған бала туралы айтты бейнежазбадан алынған кадр

Қымбат Досжан Жәнібектің бағдарламаға барып, ДНҚ тест тапсырғанын түсінбегенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал журналист, тележүргізуші Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің жағдайы туралы айтты. Бұл туралы Massaget.kz жазды.

Оның сөзінше, Жәнібектің өміріне қатысты жалған ақпарат көбейіп кеткен.

"Біріншіден, Анасы әлі табылмады (әзірге дейік). Әкесі жайлы да ешқандай ақпарат жоқ. Болжамды әкесі деп жұртты дүрліктірген ер адаммен біз 5 қаңтарда сөйлесіп, зерттеп, әкесі емес екенін бірден түсіндік. Басқа телеарнаға барып, тест тапсырып, эфирге қатысып жүргені бізге түсініксіз, өзіне аян болар", - дейді ол.

Қымбат Досжан бұл істі зерттеу жұмыстары тоқтамағанын жеткізді.

"Бармысың, бауырым?" редакциясы журналистік зерттеу жұмысын толық атқарып шықты. Құжат бермей, аты-жөнін өтірік айтып, қолхат жазып, Жәнібек деген ұлын тастап кеткен әйелді - ресми құжаттар бойынша Жәнібектің анасы деп жазылған әйелді біз желтоқсанда таптық. Бельгиялық әйелдің Арқалыққа келіп, бәленбай мың еуро санап бердім деген кісіні де білеміз. Тергеп-тексеру ісі жүріп жатыр, ол құқық қорғау органдардың қолында. Күні бүгінге дейін 28 әйел, 1 ер кісі анализ тапсырды. Нәтиже 0 пайыз. Тағы да болжамды ана немесе әке болуы мүмкін адамдар бар, зерттеу тоқтаған жоқ", - деді ол.

Сондай-ақ, журналист Жәнібектің шетелде тұрақты үйі, жұмысы жоқ екенін айтты.

"Жәнібектің Испанияда айналысатыны маусымдық жұмыс (туристерге қызмет көрсету), ол орта мектепті бітірген соң біздегідей бірден универге түспеген, бірақ жоғары оқу орнында оқу жоспарында бар. Білімді, әрине, сол Еуропада алсам деп ойлайды. Майоркада жалғыз өзі пәтер жалдап тұрады, жекеменшік баспанасы жоқ. Отбасым деп ең жақын достарын айтады. Жануарларым деп ранчоға барып, (тағы да жалданып) өзі баптап көмектесіп жүрген аттарын да қосып айтады. Жәнібектің басында үйі де, құрған отбасы да жоқ. Асырап алған шешесі Бельгияда қалған", - деп жазды ол.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды