«Атам мені зорламақ болған»: термеші Айгүл Елшібаева зорлық-зомбылыққа құмар ерлер туралы

Аиса Махамбет Редактор
10.03.2024, 17:36
2481
«Атам мені зорламақ болған»: термеші Айгүл Елшібаева зорлық-зомбылыққа құмар ерлер туралы жеке Instagram парақшасынан

Термеші Айгүл Елшібаева қыз зорлаушылардың жазасын қатаңдату керегін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, термеші, жыршы Айгүл Елшібаева зорлық-зомбылыққа қатысты өз пікірін білдірді.

Ол психолог Айнұр Асанбердіге оқырманының жазған хатын бөлісті. Оқырман хатында «Атам жүргіш болған екен. Бүкіл ауыл біледі. Апамыз шыдаған. Кейін сол атам мені зорламақ болған. Қазір есіме түссе жыным келеді» деп жазған. Бұған психолог «Өз атасы, ағасы, нағашысы зорламақ болған мыңдаған қыздан хат аламын. Тіпті ең жақын құрбымның басынан осындай жағдай өткен» деп жауап берді.

Аталған жайтқа да Айгүл Елшібаева өз пікірін білдіріп, мұндай жайттардың себебі іздеді.

«Психолог Айнұр Асанбердінің сторисінен мына жағдайды оқып жағамды ұстап отырмын. Психологтарға адамдар ешкімге айта алмайтын ішкі күйзелісін жеткізеді ғой.Соның бірі осы жағдай екен. 

Мына жағдайды төбеме жай түскендей оқып отырмын. Ақ сақалы беліне түскен аталарымызға не көрінген? Төрінен көр жақын адамның мұндай іске баруын кім құптайды. Құдайдан безген имансыз адам құптамаса. Хайуан нәпсінің жетегінде кеткен, қандай оңбаған екен. 

Дін десе өре түргеліп қарсы шығатын кейбір оқырмандарға айтарым, дін деген жан жаратқан Құдайдың тиымдарына мойын ұсынушы адамды, діни тұрғыда мұсылман дейді. Дін ең бірінші хайуан нәпсіңе тұсау салуыңа арқылы, иманыңды кемелдендіріп парасаттылыққа, рухани өсудің жолына бағытайтын сенім.

Тәрбие көрмеген, құдайдан қорықпаған, дүниеде хайуан нәпсінің жетегінде жүрген имансыздың ісі осы әрекетке апарып соғары анық.

Молдалар адам иман үшін, нәпсімен күресу керек дейді. Ойды шайтан немесе періште салады деп айтады. Шайтанның салған уәсуәсінің жетегінде кетіп, ақылынан ие болмаған хайуан нәпсінің жетігіндегі адам осындай көргенсіздік пен тексіздікке барады. Діннің де айтары сол.

Адам жақсылыққа ұмтылғанда адами сипатын сақтап қалары анық. Адамдық қалыпты біліммен жиған ақылың мен иманың сақтап қалады. Өздеріңді тәрбиелей алмасаңдар, кімге өнеге көрсетесіңдер, діни ілімнен алыстаған адамның шаңырағында осындай істердің болуы заңдылық.

Қазақ құдайдан қорықпағаннан қорық деген. Бұндай адамдарға ешқандай кешірім жоқ, заң жүзінде аяушылық жасамай, көзіне көк шыбын үймелетіп, елдің көзіне қарай алмайтын жағдайға жеткізу керек. Бұлардың жазасы ауыр болуы керек» – дейді термеші Айгүл Елшібаева.

«Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді Астанада бір топ жігіт екі баланы ұрып кеткен Шерзаттың сотында айыпталушы Тоқтаубаев өтірік айтқанын мойындады Қазақ сарбазы АҚШ-та рекорд орнатты «Трамп пен Ердоғанды сыйлағасын келісіп ем»: Зеленский де келіссөздерге қатыспайтынын айтты Бүгін өңірлерде 44 градусқа дейін аптап ыстық болады «Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын»: Балжан Бидаш екінші рет тұрмыс құрмақ