Түркия президенті саясаттан кетуі мүмкін екенін меңзеді

Аиса Махамбет Редактор
10.03.2024, 18:12
1010
Түркия президенті саясаттан кетуі мүмкін екенін меңзеді ашық дереккөзден

Түркияда наурыз айының соңында өтетін муниципалды сайлау елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған үшін соңғысы болмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ердоған 31 наурызда өтетін муниципалды сайлау өзі үшін соңғы сайлау болуы мүмкін екенін айтты. Саясаткер 2028 жылы президенттіктен кеткеннен кейін АКП-ның консерваторлары билікте қала беретініне сенім білдірді. Бұл туралы DW жазды.

Түркияда наурыз айының соңында өтетін муниципалды сайлау елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған үшін соңғысы болмақ. Бұл туралы мемлекет басшысы жұма күні, 8 наурызда TUGVA жастар ұйымының отырысында мәлімдеді. Ердоған заңнама бойынша өзіне берілген өкілеттіктерге тоқталды.

Сонымен бірге, 70 жастағы саясаткер өзі жетекшілік ететін консервативті Әділет және даму партиясы Ердоған мемлекет басшысы қызметінен кеткеннен кейін де билікте қалатынына сенім білдірді.

Режеп Тайып Ердоған 20 жылдан астам уақыт билікте болды. 2003 жылы ол алғаш рет премьер-министр, 2014 жылы президент болып сайланды.

2018 жылы Ердоған жоғары мемлекеттік лауазымға қайта сайланды. 2023 жылы ол президенттік сайлауда қайтадан жеңіске жетті, бірақ тек екінші турда оппозицияның жалғыз кандидаты Кемал Кылычдароглуды жеңді. Қазіргі мемлекет басшысының өкілеттігі 2028 жылы аяқталады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды