Бас мүфти ифтар емес, ауызашар деп айту керек екенін ескертті

11.03.2024, 12:26
714
Бас мүфти ифтар емес, ауызашар деп айту керек екенін ескертті azan.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы – Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Рамазан айының келуіне орай  Qazaqstan ұлттық телеарнасына сұхбат берді.

Aikyn.kz мәліметінше, Бас мүфти сұхбат барысында оразаға қатысты дүниелерге тоқталды.

«Ата-бабалардан бізге жеткен, дініміз Исламмен сабақтасып кеткен  салт-дәстүрлеріміз бар, Құдайға шүкір. Соны сақтап қалу мақсатында көп жұмыс атқарылып жатыр. Жақында ғана «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы жарық көрді. Бізге Ислам қашан келді, оны бабаларымыз қалай ұстады, қандай бағытта жүрді? Осының барлығы сол жерде көрсетілген. Осы кітаптар елімізге кеңінен тарап жатыр. Дәстүрдің құндылығы аясында Оразаға қатысты дүниелерді айттық. Мысалы, Оразаға қатысты сырттан келген сөздер бар. Мысалы, сәресін біз сәресі деп келдік, кейбір жастарымыз оны «сухур» деп кетті»,  – дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти күнделікті өмірде шет тіліндегі сөзді қосып сөйлеу белең алып бара жатқанын айтты. Сонымен қатар ифтар емес, ауызашар деп айтуға үндеді.

«Біреулер ифтар деп айтып кетті. Кейбір сөздерді ағылшын тілінде айтып жатады. Көршілес орыс тілінде айтылатын сөздер бар. Бірақ біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптейік деген мақсатта осы үндеуді айтып отырмыз», – дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды