Бишімбаев Нүкенованы жалаңаш түрде фотоға түсіруге итермелеген

11.03.2024, 16:24
961
Бишімбаев Нүкенованы жалаңаш түрде фотоға түсіруге итермелеген бейнежазбадан

Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі басталды.

Бұл туралы «Halyq Uni» ақпараттық агенттігі хабарлады. 

Айыптау актісіне сәйкес, Бишімбаевқа қылмыстық кодекстік 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша және 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында көрсетілгнн қылмыстық әрекетті жасады деген айып тағылған.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Бишімбаев пен Нүкенова заңды некеде болмаған. Азаматтық некеде тұрған.

Соның барысында Бишімбаев Нүкеноваға туыстары, достарымен араласуға шектеу қойған және қаржылық жағынан өзіне тәуелді еткен.

2023 жылдың наурызында (нақты уақыты анықталмаған) қызғаныштан Нүкенованы ұрып-соққан. 2023 жылдың 25 наурызында Нүкенова дене жарақатының фотосын түсіріп, ағасына жолдаған. Алайда ешқандай әрекет қабылдамауын сұраған. Содан кейін ағасы Нүкеновадан ажырасуды сұраған. Алайда ол жағдай реттеліп кетеді деп, ажырасудан бас тартқан.

Бишімбаев ұрып-соққаны көрсетілген фото Нүкенованың туыстарында бар екенін біліп, оны жалаңаш түрде фотоға түсіруге итермелеген. Нүкенова оған келісім беріп, жалаңаш түрде фотоға түсіруге мәжбүр болған.

Нүкенова Бишімбаевтан бірнеше рет кетуге тырысқан, алайда Бишімбаев кешірім сұрап татуласқан. 

Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев 2023 жылы Астанада ресейлік әнші Дима Биланның концертіне барған. Алайда концерт аяқталмастан, ол жерден шығып, Bau мейрамханасына барған. Екеуі шарапқа тапсырыс беріп, екеуі 4 бөтелке шарап ішкен. Осы кезде Нүкенова қарым-қатынасты тоқтатқысы келетінін айтқан. Олар бастапқыда мейрамханадан шыққысы келген, алайда шыға алмаған. Содан кейін мейрамхананың VIP залына барған. Екеуінің арасына әрі қарай жанжал жалғасқан.

Бишімбаев жанжал барысында өзінің ақшасына сатып алынған заттар туралы айтқан. Содан кейін Нүкенова ішкиім және әшекейден басқасын шешіп тастаған. Оның бұл әрекеті Бишімбаевтың ашуына тиген.

Содан кейін Бишімбаев тағы да мейрамханадан шыққысы келген, алайда мас күйінде үйіне кете алмағанына ашуланып, кісі өлтіруге бағытталған әрекетін жасауды ойлаған.

Артынша әйелді бірнеше рет ұрып-соққан. Соққы салдарынан Нүкенова еденге құлаған. Бишімбаев қылмыстық әрекетін әрі қарай жалғастырып, бөксесіне, денесіне жарақат салған. Содан кейін шашынан сүйреп, VIP залға әкелген. Артынша Нүкенова зал есінін ішінен іліп алған. Бишімбаев бұған да ашуланып, есікті алдымен қолымен, содан кейін металлмен бұза бастаған. Ішке кірген соң Нүкенованы қайта соққыға жыға бастаған, оның есін жоғалтқанына көзі жеткен кезде әрекетін тоқтатқан. Нүкенова алған жарақатынан сол кезде қайтыс болған.

Бишімбаев өзінің туысы Байжановты шақырып, мейрамхана қызметкерлерін таратуды тапсырған. Марқұмның телефонын беріп, бірнеше мекенжайға, оның ішінде “Қазақстан” концерт залы, фитнес орталыққа апаруды тапсырған.

«19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды