"Обал сауабы Жүрсін Ерманға болсын": Айтақын Бұлғақов ұстазы Қонысбай Әбіловтың инфаркт алуына не әсер еткенін айтты

11.03.2024, 17:57
13193
"Обал сауабы Жүрсін Ерманға болсын": Айтақын Бұлғақов ұстазы Қонысбай Әбіловтың инфаркт алуына не әсер еткенін айтты коллаж

Айтақын Бұлғақов Өскеменде өткен бұрынғы айтыстардың бірінде өзіне жала жабылғанын мәлімдеді.

Бұл туралы ол "Айтыс Strike" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бағдарлама жүргізушісі Жандарбек Бұлғақов әкесі Айтақын Бұлғақовқа "Оралхан Бөкейдің 50 жылдығына орай өткен айтыстың финалында Қуаныш Мақсұтовпен айтыстың. Сол айтыста Қуаныш Мақсұтов  сен Абайдың 150 жылдығында мас болып, киіз үйде ләйліп жатқансың, сахнаға шыға алмағансың. Мен осы ра па екен, әкемнің шынымен мас болып жатқан кезі болды ма екен деп ойланып қалдым. Осы рас па" деген сұрақ қояды.

"Мен Абайдың тойына да, Жамбылдың 150 жылдығына да барған жоқпын. Ол кездер қуғын-сүргін көріп жүрген кездер еді. Анау сахнада өтірік айтты. Қуаныш Өскеменге бізден бір апта бұрын барып, мектептерін аралап, кездесу өткізіп, халықты өзіне дайындаған ғой. Ол идеолог болып істеген, оратор ғой. Көрермендерді жинаған, ана жерге Қуаныштың көрермендері келген ғой. Ана жерде сен Абайдың тойында құсып жатқансың деп еді ел кет, сахнадан кет деп ду ете қалды. Ол жерде қалай отырасың? Мен ол тойға барған жоқпын деп айта алмайсың. Сахнадан шыға салып ұрайын десем, қашып кетіпті", - дейді Айтақын Бұлғақов.

Айтыскер ақын өзінің ұстазы, ақын Қонысбай Әбіловтың мерейтойына қатысуына Жүрсін Ерман рұқсат бермегенін де жасырмады.

"Қонысбайдың тұсауымды кескені рас. Оның 50 жылдығына шапанымды алып шыққанымда рас. Ол Астанада тіл комитетінде жұмыс істеді. Тілге қатысты айтыс та болатын еді. Айтысқа билет сатылған. Біздің жол шығынымыз, қонақ үйіміз бәрі төленген. Мақсат Ақанов, Айбек Қалиев, Серікзат Дүйсенғазиев бар бәріміз қонақ үйге жаттық. Кейіндеу бізге Жүрсін Ерманнан хабар келді. Оның обал сауабы Жүрсін Ерманға болсын. Жүрсін Ерман хабарласып, артқа қайтыңдар, не менімен боласың, не Қонысбаймен боласың деді. Мен сол жерде Жүрсіннен рұқсат сұрадым. Менің алғаш тұсауымды кесіп еді, шапанымды жабайын деп едім деп айттым. Сендер маған хабарласпай кетіп қалдыңдар, Қонысбай маған конкурент болып жатыр, кім ол. Қайт деген соң қайт деді. Егер қайтпасаң көзіңді құртасың деді. Сөйтіп сол күні түнде айтпай қашып кеттік. Осы жағдайдан кейін Қонысбайдың жүрегі ұстап, ауруханаға түскені де рас. Инфаркт алды. Қонысбай ауруханадан шыққаннан кейін Егемен Қазақстанға "Айтақын қонақ үйге бір түнеуге келген жоқ шығар"  деген мақала жазды. Оңбай таяқ жедім", - дейді Айтақын Бұлғақов.

Джиу-джитсудан Әлем чемпионы Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» клубына қосылды ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүниеге келді Блогер Дархан Жолшыбеков 300 миллион теңгеге алған зәулім үйін оқырманына тегін сыйға бермек (ВИДЕО) Асырап алған қызын 10 жасынан бері зорлап келген орманшы өзін атып өлтірді «Мен кіммін сонша?!»: Димаш Құдайберген жанкүйеріне құрметі үшін автограф беруден бас тартты Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан Әлімхан Сыздықов әлем чемпионы атанды «Жұмада жамбасы жерге тиді…»: Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден өтті «Қызы емес, әйелі сияқты қарағанын байқадым»: оқушысын өгей әкесі зорлап жүргенін сынып жетекші қалай біліп қойған? Бүгін Мұстафа Өзтүрік тірі болса, 70 жасқа толар еді… Демалыс күндері ауа райы қандай болады? «Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па?