"Аптасына екі рет кездесеміз": Шаһизада сүйіктісін жолықтырғанын айтты

11.03.2024, 18:57
9337
"Аптасына екі рет кездесеміз": Шаһизада сүйіктісін жолықтырғанын айтты instagram.com/shahizada.art

Өнер иесінің биыл сахнада жүргеніне 40 жыл. Алайда әнші өнерде жолы болғанымен жеке өмірінде сәтсіздікке ұшырағанын айтты.

ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Шаһизада өмірі мен өнеріндегі соңғы жаңалықтарын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Махаббатпен сырласу” подкастына сілтеме жасап хабарлайды. 

“Өзім үшін өмір сүремін. Бірақ тұрмысқа шықпаймын. Әйел болғаннан кейін қасыңда сүйіктіңнің болғанына не жетсін?! Өнер адамдарының бәріне махаббат керек. Махаббат болса керемет әндер дүниеге келеді. Менің репертуарым да махаббат туралы әндермен толықты. Сахнада жүргеніме 40 жыл толуына орай концертте шырқалады. Дайындық басталып кетті. Ескі әндерді жаңартып жатырмын. Әнші болғаннан кейін жеке өмірімді әнмен бастап жатқаным ғой”, – деп бір құпияның шетін шығарды әнші. 


Эстрада жұлдызының айтуынша, бүгінде сүйіктісін жолықтырған. Өзі мен өнерін сыйлап құрметтейтін ер-азамат барын жасырмады. 

“Өзімді жақсы көретін адам бар. Күнде қасымда болмаса да, аптасына екі рет жолығып тұрамыз. Жұмыс бабымен іссапарларға кетеді. Менің де жұмысым тығыз. Сол екі аралықта жолығып, әңгімелесеміз. Бір-бірімізге жылы сөз айтуға тырысамыз. Ет асып, шай-тамағын беремін. Өзімді әйел ретінде сезінемін. Одан басқа ер-азаматқа не керек?! Ең бастысы жалғыз емеспін. Мені жақсы көретін азаматты жолықтырдым”, – деп жеке өмірін айтып берді өнер иесі. 

«Фарида сияқты қыздар ғой»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі халықтан сөз естіді «Баха, машинаны жәй айдашы» дедім»: Досым Сүлеев досы Бақытжан Жұмаділовтің қалай қайтыс болғанын айтты «Пися деп жазып қойған»: блогер Дарикорнның дауына қатысты министрлік түсініктеме берді Дене шынықтыру сабағында оқушы қыз саусағынан айырылып қалды Балуан Ризабек Айтмұхан үйленді (ВИДЕО) Сандық трансформация дәуіріндегі құқық: MNU-да төрт елдің студенттері ТМД-дағы алғашқы Легатонда сайысқа түсті Рим Папасы Франциск қайтыс болды «Досымда бомба бар»: Жасөспірімнің әзілінен соң ұшуға шектеу қойылды Шымкенттік оқушы қыз шетелдегі ең үздік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды Аштық ойындары: Таразда адамдар тортқа таласты (ВИДЕО) Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалаған Мәсімовтің 1,8 миллиард теңгеге бағаланған зәулім үйі тағы да сатылымға қойылды Тоқаев «Жастар» саябағында ағаш екті Бүгін магниттік дауыл болады «Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында